"Астана" Швейцарияда "Лозаннадан" жеңілді

UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңінде "Астана" сырт алаңда Швейцарияның "Лозанна" клубымен кездесіп, есе жіберді.
Бас бапкер Григорий Бабаян Марин Томасов пен Назми Грипши секілді көшбасшы ойыншыларын қосалқы құрамға қалдырды.
Бапкердің жоспары жүзеге асқан жоқ. Қарсылас қатарынан үш гол соқты.
Екінші кезеңде швейцариялық клубтан Альбан Айдини 72-минутта мергендік танытса, 90-минутта "Астана" сапынан Иван Башич есеп айырмасын қысқартты.
Осылайша елордалық клуб қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді. Қарымта ойын 14 тамызда елордада өтеді.
"Лозанна" командасы 1896 жылы құрылған. Өз елінде жеті мәрте чемпион атанған.
Abai.kz