Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3469 0 пікір 8 Қазан, 2009 сағат 07:46

Президент Астананың елордалық ажары пайда болғанын атап көрсетті

Астана.8 қазан. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың елордалық ажары пайда болғанын атап көрсетті.

«Қала таза, күтілген, тіпті оның елордалық ажары пайда болды. Әрине, бұл - осы уақытқа дейін жүргізілген жұмыстың нәтижесі», - деді ол бейсенбі күні елорда әкімдігінде қаланы алдағы уақытта дамыту мәселелеріне арналған кеңесте.

Мемлекет басшысының пікірінше, елорданы дамыту жолында коммуналдық қызметтер және әкімдік көп жұмыс атқарып отыр.

«Мен бүгін таңертең ескі қаланы түгел аралап көрдім, жаңа қаланы жақсы білемін және жағдайдың өте жақсы екенін атап көрсеткім келеді», - деді ол.

Жалпы айтсақ, елордада көп жұмыс атқарылды, мұнда «қонақтарды таң қалдырып, отандастарымыздың жүрегінде мақтаныш сезімін тудыратын, орасан құрылыс жобалары жүзеге асырылуда», деп атап көрсетті ол.

Оның айтуынша, бүгінгі күні қаланың бас жоспары бекітілді, 2030 жылға дейін стратегиялық жоспар әзірленді.

«Осы жылдар бойы қала қарқынды дамыды. Ол бүкіл ел үшін локомотив болып келді, әрине, дағдарыс басталғанда, дәл осы жерде көптеген мәселелер туындады», - деп толықтырды Н. Назарбаев.

Осы орайда қазіргі уақытта мәселелердің барлығын шешіп, елорданың алдағы дамуына негіз дайындау қажет, деп атап көрсетті президент.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1072
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2626
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 747
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 713