Қазақстан футболындағы «ойыннан бөлек» ойындар

Бүгінде қазақстандық футболда алаңдағы ойыннан гөрі — сырттағы ойындар көп сияқты. Соңғы кезде бұл саланы біреулер өз мүддесіне қарай бағыттап, тізгінін ұстап отырғандай әсер бар.
Жуырда «Қайрат» жанкүйерлері КФФ-ға шағым түсірді: төрешілер бізге қатал, өзгелерге жұмсақ деп. Тіпті барлық матчымызды тек Батыс Еуропа төрешілері басқарсын деген талап қойды.
Қызығы сол — бұл талап «Қайрат» жеңілгеннен кейін емес, керісінше, 18-турда «Тобылды» 3:1 есебімен ұтқан соң айтылды. Договорнякта «жәбірленуші» жеңіп кеткенін естіп пе едіңіз? Мен — естімедім.
Sportradar дерегінше, Қазақстан келісілген матчтар саны бойынша әлемде төртінші орында. КФФ бұл дертпен күресті бастап кетті. Және бұл жай ұран емес: 12 шілдеде «Туран» – «Қызылжар» кездесуінен кейін бас төреші Тимур Кумашов пен VAR төрешісі Георгий Чеховский маусым соңына дейін шеттетілді.
Сонда жанкүйерлердің наразы болуының астарында не жатыр? Мүмкін, дәл осы тазалау біреулерге ұнамай қалған шығар. Ал олар ақпараттық манипуляция мен медиа-вброс арқылы өз мүддесін қорғау үшін жанкүйерлерді құралға айналдыруға дайын. Өйткені клуб директорлары, төрешілер мен букмекерлер арасындағы «ортақ бизнес» схемалары ешкімге құпия емес.
Осы және қазақстандық спорттағы коррупциялық схемалар жайлы мен жуырда Кирилл Павловпен сұхбатта айттым. Онда спорт федерацияларының министрлер, үкімет мүшелері және құқық қорғау органдары басшылары үшін қалай «қорған қабырғасына» айналғаны, ал кейде тікелей коррупция құралы болғаны туралы сөз еттім.
Толығырақ — федерациялар мен клубтардың қаржысын кім және қалай бақылаусыз жұмсайтыны, «Самұрық-Қазына» ақшалары қайда кететіні, және спорттағы жүйелі сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қандай заңнамалық өзгерістер қажет екені туралы Telegram-арнамдағы сұхбаттың толық нұсқасынан оқи аласыз:
Abai.kz