Құрылыс индустриясы: Ел экономикасының жаңа қозғаушы күші

Тамыздың екінші жексенбісінде Құрылысшылар күні аталып өтеді. Бұлсаласы – ел дамуының негізгі драйверлерінің бірі. Құрылысшылар – қала мен ауылдың көрікті сәулетін, келісті келбетін қалыптастыратын өрісті, өнімдіеңбек саласының бірегей буыны.
Кейінгі алты жылда ел көлемінде 97,9 млн шаршы метр тұрғын үйсалынып, 871 404 пәтер пайдалануға берілді. 2025 жылдың алғашқы алтыайында ғана 7,9 млн шаршы метр, 72 300 тұрғын үй тапсырылды. Бұл да болса – тұрақты өсу динамикасының нақты көрсеткіші. Сандардың сыртындақолайлы да заманауи өмір сүру ортасын жасайтын инженерлердің, сәулетшілердің, дизайнерлердің, құрыш қолды қарапайым жұмысшылардыңересен еңбегі тұр.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев: «Тұрғын үйқұрылысын дамыту инвестицияның ұлғаюымен қатар жүреді. Алты жылдасалаға 15,4 трлн теңге, осы жылдың алты айында тағы 1,5 трлн теңгетартылды. Қаражат тек жаңа үйлердің құрылысына ғана емес, сонымен қатарәлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға да бағытталып отыр. Мемлекетбасшысының биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» депжариялауы жұмысшы мамандықтар беделін арттыру жолындағы маңыздықадам болды», деп атап өтті.
Саланы дамытудың негізгі көрсеткіші – адами капитал. Стратегиялықжоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросыныңдеректеріне сәйкес, 2025 жылдың I тоқсанындағы жағдай бойынша құрылыссаласында 106 мыңнан астам қызметші жұмыспен қамтылды. Сала қызметкерлерінің орташа жалақысы – 485 мың теңге, бұл елдегі орташаайлық жалақы мөлшерінен (423 мың теңге) 14,8%-ға жоғары.
Елімізде ортамерзімді кезеңде кадрларға болжамды қажеттілікшамамен 3 млн адамды құрайды, оның 7%-ы, шамамен 210 мың адамқұрылыс саласына тиесілі. Мемлекет ұдайы құрылыс саласындағы адамикапиталды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру жөнінде түрлі іс-шаралар өткізіп отырады. Айталық, бакалавриатқа түсуге 2025–2026 оқужылында 77 мыңнан астам грант бөлінді, оның ішінде инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары бойынша жоғары білім алуға 22 мыңнан астам грант бөлінді. Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында «Инженерлік, өңдеужәне құрылыс салалары» бағыты бойынша 2024–2025 оқу жылының басынан160 мыңнан астам адам, сондай-ақ жоғары білім беру бағдарламаларыбойынша 102 мыңнан астам студент оқып жатыр.
Колледж түлектерінің құрылыс саласына жұмысқа орналасуы 82,7% құрайды. 2024 жылғы 15 қаңтардан бастап ауылда, кентте немесе ауылдықокругте жалға берілетін тұрғын үй салған жұмыс берушілердің 5 млн теңгегедейінгі мөлшерде мемлекеттік субсидия алуға мүмкіндігі бар.
Тұрақты өсім, тың мүмкіндік
Құрылысшылар күнінің тарихы өткен ғасырдың ортасында жаңақалалар, зауыттар мен тұрғын үйлер қауырт салына бастаған кезеңмен тығызбайланысты. Сол дәстүр еліміз егемендік алған соң сәтімен жалғасты. Қала, ауыл, аудандарда құрылыс жұмыстары кең қанат жайды. 2024 жылы елімізбойынша рекордтық 19,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, жаңа пәтерлер саны 173 мыңнан асты.
Жеке тұрғын үй құрылысына ерекше назар аударылып келеді. Мәселен, 2019–2024 жылдар аралығында 183 мыңнан астам жер учаскесі инженерлікжелілермен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, жеңілдетілген ипотека, жалғаберілетін тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары аясындаалты жыл ішінде әлеуметтік осал санаттар 77 мыңнан астам жалға берілетінпәтер, «Отбасы банкінің» жеңілдетілген қарыздары арқылы 80 мыңнан астамқолжетімді несие (2% мөлшерлеме бойынша – 22 022 займ, 5% мөлшерлемебойынша – 58 450 займ) алды. Бұл игі шаралар азаматтардың жеке тұрғын үйсалу мүмкіндігін кеңейтті, жаңа аудандардың дамуына ықпал етті.
Тұрғын үйден инфрақұрылымға дейін
Бұрынырақта құрылысшылар өнеркәсіп орындары мен жаңа қалаларсалуға басымдық беріп келген болса, бүгінде олар тұрғын үй қорын да, инженерлік инфрақұрылымды да дамытуға да ерекше көңіл бөліп отыр. Кейінгі алты жылда халықты сумен қамту деңгейі өсті, қазір қалалардың99,3%-ы, ауылдардың 97,5%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасызетілген. Сонымен қатар кәріз-тазарту құрылғыларын қайта жаңарту, жаңажолдар салу, тұрғын үй қорын жаңғырту жұмыстары жүйелі жүргізіліпкеледі.
Өңірлерде тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде кондоминиум нысандарының барлық мүлкіне, оның ішінде қасбеттері мен шатырларынакүрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ өңірлерге республикалықбюджет қаражатынан көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізуге 7 жылға 0,1%-дық кредиттер беріледі. Тек 2024 жылы ғана 233 көпқабаттытұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Соның арқасында мыңдаған отбасыныңөмір сүру жағдайы жақсарды, тұрғын үй қорының сақталуы қамтамасызетілді.
Сын-қатерлерді еңсеру
Құрылысшы мамандығы қашаннан тек жасампаздықпен ғана емес, қалпына келтірумен де байланысты. Айталық, 2024 жылғы алапат су тасқынынан кейін, 17 мыңнан астам үй мен саяжай зардап шекті. Сол кездеауылдарға, азаматтарға келтірілген зиянды өтеудің тиімді тетігі нәтижесіндеқысқамерзімде 9 156 үй жөнделіп, 2700-ге жуық жаңа үй салынды. Соныменқатар, кәсіби мамандардың үйлесімді жұмысының арқасында жолдар, көпірлер, электр желілері, білім, мәдениет, спорт нысандары қалпынакелтірілді. Бұл жұмыс зардап шеккен азаматтардың қалыпты өмірге оралуынқамтамасыз етті, инфрақұрылымның болашақ сын-қатерлерге тұрақтылығынарттырды.
Цифрландыру және инновация
Бүгінде құрылыс саласында «e-Qurylys», қала құрылысы кадастры сияқты автоматтандырылған бақылау жүйелері енгізіліп жатыр. Бұлбастамалар жобалаудан бастап пайдалануға беруге дейінгі әрбір кезеңдібақылауға мүмкіндік береді, үдерістердің ашықтығын арттырады, стандарттардың сақталуына кепіл болады. Цифрлық технологияларқұрылысты жылдам, қауіпсіз, сапалы жүргізуге бірден-бір сеп.
Кейінгі жылдары құрылыс саласында ауқымды цифрлықтрансформациялар жүзеге асып жатыр. Өнеркәсіп және құрылысминистрлігінің негізгі жобаларының бірі Бірыңғай цифрлық экожүйені – қолданыстағы ақпараттық жүйелерді алмастыратын «Тапсырыс берушініңбірыңғай терезесін» енгізуі болды. Жаңа портал egov.kz платформасыменбіріктіріледі де, қала құрылысын жоспарлаудан бастап нысандардыпайдалануға беруге дейін құрылысты сүйемелдеудің толық циклінқамтамасыз етеді. Қазірдің өзінде еліміздің инженерлік инфрақұрылымының90%-дан астамы цифрландырылды.
Қысқасы, бүгінгі құрылыс алаңы – жай ғана ғимараттар тұрғызу емес, барлық азаматтарға қолайлы, қауіпсіз, заманауи орта қалыптастыру жөніндегікешенді жұмыстың тоғысқан жері. Сол тұрғыда Өнеркәсіп және құрылысминистрі Ерсайын Нағаспаев атап өткендей: «Өсіп келе жатқан урбанизация, қалалардың қарқынды дамуы жағдайында құрылыс саласы елдегі өсім, өмірсапасының қозғаушы күші, құрылысшылардың тәжірибесі, кәсібилігі мен адалдығы ел экономикасының сенімді тірегі болып қала береді».
Тұрғын үйлер салып, инженерлік желілерді жаңартып, аса маңыздыинфрақұрылымдық нысандарды жасап, отандық экономиканың дамуынаөлшеусіз үлес қосып жатқан мамандар қандай құрметке болсын лайық.
Abai.kz