Дүйсенбі, 18 Тамыз 2025
Билік 162 0 пікір 18 Тамыз, 2025 сағат 12:53

Президент елдегі «узурпациялық жүйені» де жояды деп сенемін!

Сурет: Abai.kz және vlast.kz сайттарынан алынды.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шықты. Билікте де «отбасылық жүйе» жоқ. Азаматтарды қызметке тағайындау кезінде ең алдымен олардың білімі мен кәсіби білігі ескеріледі…», - деді.

Дау жоқ, Қасым-Жомарт Кемелұлының батыл шешімдерінің нәтижесінде «отбасылық жүйе» қиратылды.

Бұл үшін Қасекеңе алғысымыз шексіз!

Бірақ…

Бірақ, Тұңғыш Президентке арқа сүйей отырып, Тимур Құлыбаев пен Кәрім Мәсімов құрып кеткен «урузпациялық жүйе» әлі жойылған жоқ.

Қазақстан Республикасының Конституциясынының 5-бабында: «Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге жол берілмейді», - деп жазылған.

Ал, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 17-1- бабында: «Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжат Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес құрылған жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптама кеңестерімен (бұдан әрі – сараптама кеңестері) міндетті түрде талқылауға жатады», - деп жазылған.

Ол аз десеңіз: «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларын әзірлеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері өкілдерінің қатысуы міндетті», - деп тағы ашық жазылған.

Демек, Мемлекеттің Заң шығару процесін «Ұлттық кәсіпкерлік палатасы» деген коммерциялық емес ұйымға бұлай билетіп қою — біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы. Екіншіден, нағыз урузпация болып табылады!

Мен биылғы Жолдауында Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңының күшін жою туралы тарихи шешім қабылдап, аталған «узурпациялық жүйенің» де күлін көкке ұшырады деп сенемін!

Біз Сізбен біргеміз, Аса мәртебелі Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Ауыт Мұқибек

Abai.kz

0 пікір