«Жаңғырған Конституция – әділетті қоғам кепілі»

2025 жылы 22 тамызда сағат 15.00-де ҚР ПІБ Президенттік орталығында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Жаңғырған Конституция – әділетті қоғам кепілі» атты көрменің ашылуы өтеді. Көрме ҚР Конституциялық сотымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Көрмеде Қазақстан Республикасындағы конституционализмнің даму эволюциясын көрсететін музей, архив және кітапхана қорларының материалдары, экспонаттары, құжаттары ұсынылған.
Көрме 3 бөлімнен тұрады.
- «Дала заңдары – даналық бастауы» бөлімі.
- «Ата заң – тәуелсіздік тұғыры» бөлімі.
- «Заманауи Конституция – жаңғырулар негізі» бөлімі.
ҚР Конституциялық сотының Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесімен бірлесіп шығарған Ата Заңның Брайль қарпінде қазақ, орыс тілдеріндегі басылымдары – көрменің ерекше жәдігерлері болып табылады.
Биылғы жылы Конституцияның 30 жылдық мерейтойына орай альпинист және мәдениет қайраткері Қайырбек Әлібек Ата Заңның мәтінін Гималай тауындағы Айленд-Пик шыңына (6180 м) алып шыққан болатын. Қазақстандықтардың Ата Заңға көрсеткен құрметінің белгісі болып табылатын осы тарихи сәт бейнеленген фотосуретті те көрме экспозициясынан көруге болады.
Көрменің салтанатты ашылуына ҚР Конституциялық Соты, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, ҚР Орталық сайлау комиссиясы,
ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институт, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты, Мемлекет тарихы институты, ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Ластаев А.Е.,
ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ударцев С.Ф. және т.б. белгілі ғалымдар, білім және мәдениет саласының қызметкерлері қатысады.
Abai.kz