Қайрат - Реал ойыны қай қалада өтеді?

Футболдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы матч Алматыда өтеді.
Бұл туралы үкімет кулуарында спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. Бұған дейін әлеуметтік желіде алматылық "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы матч Астанада өтуі мүмкін деген сыбыс шыққан еді. Ойын 30 қыркүйек өтеді.
"Алматыдағы [Орталық] стадион - УЕФА-ның төртінші дәрежелі аренасы. Стандартқа сай келеді. Біз ойынды сол стадионда өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді Мырзабосынов.
УЕФА матчтар өтетін стадиондарды төрт дәрежеге бөледі. Ең жоғарғы төртінші категориялы стадиондарда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің матчтарын өткізуге жарайды.
Дереккөзі: Азаттық радиосы
Abai.kz