Сәрсенбі, 3 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 125 0 пікір 3 Қыркүйек, 2025 сағат 14:40

Қазақстан алтын өндіруші 10 елдің қатарына кірді

Сурет: sknews.kz сайтынан алынды.

Visual Capitalist порталы әлемдегі ең ірі алтын өндіруші елдер туралы жаңа инфографика ұсынды.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Қазақстан алтын өндіру көлемі бойынша әлемдегі үздік он елдің қатарына кірді. Республика бойынша 130 тонна алтын өндірілген.

Әлемдегі көшбасшылық 370 тонна өндірген Қытайға тиесілі. Екінші және үшінші орындарда Ресей (310 тонна) мен Аустралия (310 тонна) орналасты. Одан кейінгі орындарда 200 тонна алтын өндірген Канада мен 170 тонна өндірген АҚШ тұр. Ондық қатарында Мексика (120 тонна), Индонезия (110 тонна), ОАР (100 тонна) және Өзбекстан (100 тонна) бар.

Abai.kz

0 пікір