Ауғанстандағы жер сілкінісі: 2200 адам қаза тапты

Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2200-ден асты.
31 тамыз күні кешке Ауғанстанның шығысындағы Кунар провинциясында болған 6 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2205-ке жетті.
Сондай-ақ 3640 адам жараланған.
Құтқару жұмыстары жалғасып жатқан Нұр-Гүл, Савки, Чапа-Дара және Маноги аудандары қатты зардап шеккен.
Abai.kz