Трамп Қазақстанға келуі мүмкін...

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанға ресми сапармен келуі мүмкін екенін айтып, президент Тоқаевпен «тамаша әңгіме» өткізгенін жеткізді.
«Оған сәлем айтыңыздар. Ол жақсы адам», – деп атап өтті АҚШ басшысы.
1 тамызда АҚШ президенті Трамп 60-тан астам ел мен ЕО-ға қатысты 15-тен 41%-ға дейінгі кедендік баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды.
Қазақстан үшін бұл мөлшерлеме 25% болып бекітілді. Сонан соң Трамп аталған шешімнің себебін түсіндіріп, Тоқаевқа хат жолдаған.
Президент Тоқаев өз жауабында мәмілеге қол жеткізілетініне сенім білдірді. Қазақстанның Сауда министрлігі де жағдайды реттеу үшін Вашингтонға ұсыныстар жолдағанын хабарлады. Ведомство дерегінше, жаңа тарифтер республикадан АҚШ-қа экспортталатын тауарлардың шамамен 5%-ын қамтиды.
Abai.kz