Бейсенбі, 2 Қазан 2025
Жаңалықтар 968 0 пікір 8 Қыркүйек, 2025 сағат 14:52

Абай ауданында жүзден астам оқушыны экоквест біріктірді

Сурет: Қарағанды облысы әкімдігінен алынды.

Абай ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «Табиғатты қорғайық!» атты экологиялық квест ұйымдастырылды.

Оған орта буыннан 100-ден астам оқушы қатысты. Олар үшін бұл тек ойын ғана емес, табиғат алдындағы жауапкершіліктің нағыз сабағы болды.

Қатысушылар жеті станциядан өтіп, түрлі тапсырмаларды орындады.

Балалар ойын түрінде қоқысты сұрыптауды үйренді, қалдықтарды қайта өңдеу ережелерімен танысты, экологияға пайда әкелетін және зиян тигізетін әрекеттерді ажыратуды меңгерді.

Әрбір сынақ балаларды бір маңызды ақиқатқа жақындатты: табиғатқа қамқорлық күнделікті әрекеттерден басталады.

Квестті ұйымдастырушы, эколог және «Жастар Альянсы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Темірлан Кәкенов атап өтті:

— «Таза Қазақстан» — бұл тек аумақтарды тазалау ғана емес. Ең алдымен ол – экологиялық сананы қалыптастыру. Оны ерте жастан сіңіру қажет. Бүгінгі квест балаларға қарапайым, бірақ өте маңызды ойды жеткізудің тәсілі болды: табиғатты әр күні сүйіп, қорғау керек.

Экоквест қатысушыларға таза әрі жасыл ел әрқайсымыздан басталатынын еске салды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Заң және Тәртіп:

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 336
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 2605
Әдебиет

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 299