Сәрсенбі, 10 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 134 0 пікір 10 Қыркүйек, 2025 сағат 17:28

Қазақстанда қанша адам ең төменгі жалақы алып отыр?

Сурет: primeminister.kz сайтынан алынды.

Қазақстанда 780 мың адам ең төменгі жалақы – 85 мың теңге алып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты.

Министрдің сөзінше, ірі кәсіпорындардың бір бөлігі салықтан жалтару үшін жалақыны «конвертпен» береді. Ресми статистика бойынша, 329 мың қазақстандықтың табысы тіпті 85 мың теңгеден де төмен.

«Жүргізген талдауға сәйкес 329 мың азамат 80 мыңнан төмен айлық алып отыр. Талдаудан не байқадық? Жұмыс берушілер тек келісімшартпен жұмысшыларды алып, бірнеше сағат қана жұмысқа тартқан. 780 мың азамат 85 мың теңге айлық алып отыр. Бұның ішінде бірнеше санат бар. Біріншіден, ірі кәсіпорындар салықтан жалтару үшін атаулы жарналар, атаулы төлемдерін азайту үшін 85 мың теңгені төлеп, басқасын конвертпен береді. Негізі ең төменгі жалақыны ауыл шаруашылығы саласындағы адамдар алып отыр», - деді министр.

Abai.kz

0 пікір