Сейсенбі, 16 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 133 0 пікір 16 Қыркүйек, 2025 сағат 17:19

Көмір тасымалы ҚТЖ-ның тұрақты бақылауында

Сурет: massaget.kz сайтынан алынды.

2025 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында Қазақстан бойынша 23,6 млн тонна көмір тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 млн тоннаға (+5%) артық. Оның ішінде жылу электр станциялары бойынша – 21,9 млн тонна (+1,5 млн тонна), халық қажеттілігіне  – 1,7 млн ​​тонна.

Электр және коммуналдық көмірдің барлық жөнелтілімдері қажетті вагондар санымен қамтамасыз етілген. Көмір тиелімі мен жеткізіліміне  бақылауды «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүзеге асырады.

Тасымалдауды үйлестіру үшін штаб тәулік бойы жұмыс істейді, оның жұмысына орталық аппарат пен аймақтық бөлімшелерден 60-тан астам маман жұмылдырылған.

«Қазтеміртранс» АҚ-ның ашық вагондар паркі 29 мың бірліктен тұрады, оның 18 мыңы көмір тасымалдауға пайдаланылады.

Жазғы кезеңде тұтынушыларды көмірмен уақытылы қамтамасыз ету мәселелері бойынша ҚР Индустрия және құрылыс министрлігімен, ҚР Энергетика министрлігімен, әкімдіктермен және көмір кәсіпорындарымен кездесулер өткізілді.

10 қыркүйектен бастап тұрғындарды көмірмен қамтамасыз етуді жедел үйлестіру мақсатында жергілікті атқарушы органдармен күнделікті кездесулер қайта жанданды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ көмірді үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуді жалғастыруда және жылу беру маусымының басталуы жағдайында операторлар мен жүк жөнелтушілерді тасымалдауға өтінімдерді дер кезінде беруге шақырады.

Abai.kz

0 пікір