Сейсенбі, 16 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 102 0 пікір 16 Қыркүйек, 2025 сағат 17:28

БҰҰ Израильдің әрекетін "геноцид" деп таныды

Сурет: news.un.org сайтынан алынды.

Біріккен ұлттар ұйымының комиссиясы тәуелсіз зерттеу жүргізіп, Израиль Газа секторында палестиналықтарға қарсы геноцид жасап жатыр деген шешімге келді.

Бұл туралы комиссияның есебінде айтылады. Комиссия Израиль Газа секторында Геноцид туралы конвенцияда геноцид әрекеттері деп көрсетілген бес әрекеттің төртеуін жасады деп санайды.

БҰҰ-ның тобы анықтаған әрекеттер: палестиналықтарды өлтіру, оларға физикалық және психикалық жапа шектіру, адамдарды толық я жартылай жойып жіберуге әрекет жасау және бала тууды тоқтатуға әрекеттер жасау.

Америкалық Sky News арнасы "БҰҰ-ның органдары мұндай айыптауды бірінші рет ашық жариялағанын" атап өткен. Израиль сыртқы істер министрлігі комиссияның құжатын "ХАМАС-тың өтірігіне құрылған фейк есеп" деп атады.

"Израиль бұрмаланған әлі жалған есепті жоққа шығарып, тергеу жүргізген комиссияны таратуға шақырады" деді елдің сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде.

Дереккөзі: Азаттық радиосы

Abai.kz

0 пікір