Сейсенбі, 23 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 99 0 пікір 23 Қыркүйек, 2025 сағат 13:19

14 облыста дауылды ескерту жарияланды

Сурет: Almaty.tv сайтынан алынды.

Бүгін, 23 қыркүйекте Қазақстанның 14 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды "Қазгидромет" .

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні 15-25 м/с-қа дейін жетеді.

Атап айтқанда, Алматы облысының таулы аймақтарында жаңбырмен қатар қар жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында бұршақ күтіледі.

Қарағанды, Жамбыл, Жетісу және Павлодар облыстарында найзағай мен қатты нөсер болжануда.

Сонымен қатар, Қызылорда, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының кей аумақтарында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Алматы қаласында таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 18 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

Abai.kz

0 пікір