Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2298 0 пікір 23 Қыркүйек, 2025 сағат 14:55

Тарихи алтын: Айдос Сұлтанғали әлем чемпионы!

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтынан алынды.

Хорватияның Загреб қаласында грек-рим күресінен өткен әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Армия орталық спорт клубының спортшысы кіші сержант Айдос Сұлтанғали әлем чемпионы атанды.

Астана қаласының халықаралық әуежайында әлем чемпионын жүздеген жанкүйерлер қошеметпен қарсы алды. Әріптестері Айдос Сұлтанғалиды әскери оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты түрде күтіп алды.

Әлем чемпионатында армия спортшысы іріктеу кезеңінен сенімді түрде өтіп, ширек финалда 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, Солтүстік Корея спортшысы Со Ун Римен кездесіп, өзінің басымдығын дәлелдеді. Ал финалда өзбек балуаны Алишер Ғаниевті мерзімінен бұрын жеңіп, алтын медаль иеленді.

Отметим, что это первая золотая медаль казахстанких борцов греко-римского стиля за последние 26 лет.

Бұл грек-рим күресінен қазақстандық балуандардың соңғы 26 жылдағы алғашқы алтын жүлдесі екенін айта кету керек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1120
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2656
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 774
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 740