Алматыда 3 жаңа су қабылдау нысаны салынады

3 нысан қаланың 245 мыңнан астам тұрғынын ауызсумен қамтамасыз етеді.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында әкім орынбасары Алмасхан Сматлаев айтты.
Қазіргі уақытта "Ақсай", "Ерменсай" су қабылдау нысандары салынып, ал "Барлық" су қабылдау нысаны жобаланып жатыр.
Бұдан бөлек, ұзындығы 34,9 шақырымға жететін Батыс коллекторының құрылысы жүріп жатыр. Нәтижесінде Алатау және Наурызбай аудандарының 150 мың тұрғыны орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады.
Қалада осы жылы 37 шақырым құбыр жаңартылып, 17 коммуналдық қазандық реконструкцияланған. Сонымен бірге электр және газ желілері де жаңғыртылып жатқаны айтылды.
Abai.kz