Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1408 0 пікір 29 Қыркүйек, 2025 сағат 14:15

«Айбалта-2025»: Тактикалық атыс нормативтері орындалды

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінен алынды.

«Айбалта» оперативтік-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Құрлық әскерлерінің барлау бөлімшелері тактикалық атыс бойынша кешенді нормативтерді орындады.

Ұрыс қимылдарына жақындатылған жағдайда әскери қызметшілер қозғалмалы нысаналарға, әртүрлі қашықтықтардан және түрлі позициялардан, сондай-ақ бөлімшелер құрамында позицияларды және бастапқы шекараларды ауыстыра отырып атыс жүргізуді пысықтады. Тактикалық жаттығулар шектеулі көріну жағдайында да орындалды.

Тактикалық атыс стандарттары барлаушыларды кешенді даярлаудың маңызды элементі болып табылады. Барлау тапсырмаларын орындау барысында жасырын орын ауыстыру, торуылдар мен бөлімшелерді бүркемелеу шаралары қолданылды.

– Нысаналарды кез келген жағдайда дәл әрі тез жоя білу – қойылған міндеттерді сәтті орындаудың кепілі. Мұндай жаттығулар жеке құрамда атыс әрекеттеріндегі сенімді дағдылар мен өз күшіне деген сенімділікті қалыптастырады, – деді атыс нұсқаушысы запастағы полковник Серік Омаров.

Барлық сабақтар қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, штаттық қару-жарақ пен жеке қорғаныс құралдарын пайдалану арқылы өткізілді. Жаттығулар атыс жүргізу және жауынгерлік даярлық бойынша практикалық дағдыларды жетілдіруге ықпал етті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 878
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2287
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 587
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 566