Жексенбі, 6 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1662 0 пікір 29 Қыркүйек, 2025 сағат 14:51

Шарлапаев бір күнде екі жұмысынан да айырылды

Сурет: akorda.kz сайтынан алынды.

Президенттің бұрынғы көмекшісі Қанат Шарлапаев “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесінен шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Самұрық-Қазына” қоры Қазақстан қор биржасына (KASE) жіберген хабарламаға сәйкес, Қанат Шарлапаев 25 қыркүйекте директорлар кеңесінің құрамынан шығарылған.

Айта кетейік, 25 қыркүйекте Қанат Шарлапаев Қазақстан президентінің көмекшісі қызметінен де босатылды. Ол бұл лауазымға 2025 жылдың ақпан айының соңында тағайындалған еді.

Еске сала кетейік, Қанат Шарлапаев 2023 жылдың қыркүйегінен бастап индустрия және құрылыс министрі болып жұмыс істеді. Бұған дейін ол “Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингі” АҚ басқарма төрағасы әрі директорлар кеңесінің мүшесі болған.

Шарлапаев бұрын Ресей Федерациясының азаматты болған. 2022 жылдың күзінде ол ресейлік азаматтығынан шығу туралы өтініш берген. Сондай-ақ 2017 жылы Мәскеуде дүниеге келген Шарлапаевтың қызы да Ресей азаматтығынан шыққан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 914
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2370
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 622
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 599