Палестинаға көмек: 12 мемлекет коалиция құрды

Палестина билігінің қаржылық тұрақтылығы үшін төтенше жағдай коалициясы құрылды, деп хабарлайды Kazinform.
Коалицияға Испания, Бельгия, Дания, Франция, Исландия, Ирландия, Жапония, Норвегия, Сауд Арабиясы, Словения, Швейцария және Ұлыбритания кірді.
Испания Сыртқы істер министрлігі бұл бастама Рамаллада орналасқан ұйымның қаржылық жағдайын тұрақтандыруға, оның басқару қабілетін сақтауға, негізгі қызметтерді көрсетуге және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын мәлімдеді.
Мәлімдемеде бұрынғы «маңызды қаржылық салымдар» және коалицияның «тұрақты қолдау» уәделері келтірілген.
Палестина премьер-министрі Мұхаммед Мұстафаның кеңсесі донорлардың Палестина автономиясын қаржыландыруға кемінде 170 миллион доллар бөлуге уәде бергенін хабарлады.
Бейсенбі күні таңертең Сауд Арабиясы Палестинаға 90 миллион доллар беретінін мәлімдеді.
Коалиция елдері сондай-ақ Израильден Палестинаның барлық кедендік кірісін дереу алып тастауды талап етті.
Le Figaro басылымының хабарлауынша, 2023 жылдың 7 қазанында Газа секторындағы соғыс басталғаннан бері Израиль Палестина әкімшілігіне арналған салық түсімдерін ұстап қалды. Бұдан денсаулық сақтау мен білім беру сияқты негізгі қызметтердің сапасы нашарлап, кедейлердің саны артқан. Израиль билігі ұсталған қаражаттың бір бөлігі палестиналықтарға сататын электр энергиясы сияқты шығындарды жабуға арналған деп мәлімдейді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Палестинаны мойындаған елдердің саны 160-қа жуықтады.
Abai.kz