Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2938 0 пікір 30 Қыркүйек, 2025 сағат 17:53

Қазақстандық стартап өнеркәсіптік жабдықты қашықтан басқару технологиясын әзірледі

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметінен алынды.

Ойын алаңынан өндірісті роботтандыруға дейін: қазақстандық стартап өнеркәсіптік жабдықты қашықтан басқару технологиясын әзірледі.

Қазақстанда нақты машиналар мен дрондарды интернет арқылы қашықтан басқаруға арналған платформа құрылды. Бұл мыңдаған шақырым қашықтықтағы операторға техниканы басқаруға мүмкіндік береді.

NU базасында әзірленген бірегей ІТ-шешім Мемлекет басшысының цифрландыру және озық технологиялар енгізу жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүзеге асты.

«ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық көрмесінде ұсынылған «Game of Drones» компаниясының инновациялық жобасы, отандық технологияны азаматтық салада да, қауіпсіздік саласында да қолдануға кең мүмкіндіктер ашады.

Технологияның екі мақсаты бар: оны комбайндар мен шахта техникасын қашықтан басқару үшін пайдалануға болады, сонымен қатар дрон операторларын жаппай дайындау үшін тиімді әрі үнемді платформа ретінде қызмет етеді.

«Бұл – әлемде теңдесі жоқ бірегей өнім. Ол бейне кескіндерді және басқаруды дәлдікпен әрі жоғары жылдамдықпен жібере алады. Бұл технологияны ауыл шаруашылығы саласында, геймингте, әскери қызметшілерді дрондарды басқаруға үйретуде қолдануға болады», — деп түсіндірді «Game of Drones» компаниясының негізін қалаушы Абылайхан Жақанов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 822
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2182
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 554
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 534