Бейсенбі, 2 Қазан 2025
Әне, көрдің бе? 144 0 пікір 2 Қазан, 2025 сағат 15:27

Ерте қуанған Ертаев түрмеге қайта оралады...

Суреттер: qaz365.kz және parlam.kz сайттарынан алынды.

«Ертаевқа қатысты сот қаулысы бүгін бұзылды. Өтінішімді қолдап, әділ шешімге ықпал еткен ҚР Бас прокуратурасы Алматы облысының прокуроры мен сотына, сондай-ақ мәселені алғаш көтерген журналистер қауымына алғыс айтамын!» - деп жазды Абзал Құспан өзінің желідегі парақшасында.

Мемлекет қаржысынан 144 млрд теңге ұрлап, түрмеге қамалған Жомарт Ертаев бұдан бірер ай бұрын бостандыққа шығып кеткені еді. Танымал депутат-адвокат Абзал Құспан бұл шешімге қарсы ҚР Бас прокуратурасына протест білдіру жөнінде талап арыз жазған еді. Бүгін сол талап орындалып, прокуратураның қарсылық келтіруі бойынша Жомарт Ертаев қайтадан қамауға алынатын болды.

Еске салсақ, 2020 жылдың қарашасында Жомарт Ертаев Bank RBK-тен 2011–2017 жылдар аралығында 144 миллиард теңге жымқырды деген айыппен кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол өз қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, алдын ала сөз байласқан тұлғалармен бірге қаражатты заңсыз иемденген. Сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған қаржы мен мүлікті заңдастырғаны үшін де жауапқа тартылған. Кейін апелляциялық сот бұл мерзімді 9 жылға қысқартты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 403
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 6166
46 - сөз

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 381