Іс-шара: Алматыда ардагер ұстаздар ұлықталды

Ұстаздар күні мерекесінде «Ұстаз аты - биік әрі мәңгі» атты мерекелік іс-шара өтті.
Бүгін Алматы қаласы Жетісу ауданындағы М.Жұмабаев атындағы №137ЖЖБ мектеп пен №118мектеп-гимназия, №97, №98, №101, №102 балабақша лар бірлесіп «Ұстаз аты биік, әрі мәңгі»» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Ұстаздар күніне орай ардагер ұстаздарға арналған мерекелік іс-шараның мақсаты – саналы ұрпақ тәрбиелеп, білім саласына елеулі үлес қосқан ардагер ұстаздарға құрмет көрсету, жастарға үлгі ету.

Сурет: Шара ұйымдастырушыларынан алынды.
Іс-шара барысында ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталды. Жас ұстаздар мен оқушылар концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Сурет: Шара ұйымдастырушыларынан алынды.
Өз кезегінде ардагер ұстаздар жылы лебіздерін білдіріп, өз өмір жолдарынан естеліктер айтып, жас мамандарға жүрекжарды тілектерін арнады.
Бұл шара – ұстаз мамандығының қадір-қасиетін арттыруға, алдыңғы буын мен кейінгі ұрпақ арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған игі бастама болды.
Abai.kz