Бейсенбі, 2 Қазан 2025
Жаңалықтар 169 0 пікір 2 Қазан, 2025 сағат 16:48

Жетісуда «Ардагерлерге тағзым» экоакциясы өтті

Сурет: Жетісу облысы әкімдігінен алынды.

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ардагерлерге тағзым» атты ағаш отырғызу шарасы өтті.

Акция туралы «TAZA ECO» клубының еріктісі Еркеназ Кенжебекова өз ойымен бөлісті:

- Бұл жай ғана сенбілік емес. Шараның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің рухына тағзым ету, ерлігіне құрмет білдіру және жас ұрпақтың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Әрбір отырғызылған ағаш батырларымыздың ерлігін ұмыттырмайтын тірі ескерткіш ретінде көруге болады. Осы шара арқылы тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлық сезімі артып, өңірдің экологиялық ахуалы жақсарып, қоғамды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу жолында тағы бір қадам жасалды деп білеміз. Бүгін отырғызған талдар жыл өткен сайын өсіп, тамырын жайып, бейбіт күннің құнын ұғынуға, тарихты естен шығармауға үндейтін болады, - деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы бүгінде ел ішінде табиғатты қорғау дәстүрін қалыптастырып, халықтың экологиялық жауапкершілігін арттырып келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 408
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 6379
46 - сөз

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 385