Бейсенбі, 2 Қазан 2025
Жаңалықтар 112 0 пікір 2 Қазан, 2025 сағат 16:58

Қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп ашылды

Сурет: Үкіметтің телеграм арнасынан алынды.

Оралда Президент тапсырмасы бойынша қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған жаңа мектеп ашылды. Бұл туралы Үкіметтің телеграм арнасы жазды.

Орал қаласында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №8 мектеп-лицейі салтанатты түрде ашылды. Ол 1952 жылы салынған апатты мектептің орнына салынды.

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім беру жағдайын жақсарту және сапалы білімнің баршаға бірдей қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды.

Бұған дейін Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан мектеп құрылысына 2,8 млрд теңге бөлген еді.

Жаңа ғимарат 400 оқушыға шақталып салынған және балалардың білім алуына барлық жағдай жасалған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 409
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 6431
46 - сөз

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 389