Жұма, 3 Қазан 2025
Әне, көрдің бе? 157 0 пікір 3 Қазан, 2025 сағат 15:34

Путин НАТО-ға соққы бермек пе?

Сурет: Видео скрині.

Путин мен Трамптың Аляскадағы кездесуі Украина мен Ресей қақтығысын реттеудің орнына жаңа теке-тіреске ұласты. Орыс тарбының НАТО елдері аумағына дрон ұшыруымен аяқталды. Орыс соғыс ұшақтары Балтық елдері кеңістігіне еніп қыр көсетсе, дрондары Польша, Дания аумағына түсті.

Мұның бәрін Кремль әдейі істегендей көрінеді. Олай пайымдауға себеп:

Біріншіден – орыс пропагандасы Путиннің Трамппен кездесуін үлкен жеңіс ретінде көрсеткенімен Ресей басшысы олай ойламайтын сияқты. Керісінше түсінетін тәрізді. Бұл жайсыз сезім бір кезде орыстың меншігінде болған, Шарпатша тиынға сатып жіберген Аляскаға табаны тиген сәттен басталып, АҚШ-тың Иранның жер асты ядролық базаларына соққы берген жойқын соғыс ұшақтары төбесінен ұшып өткенде бойын бір жолата билеп алған сияқты. Путиннің НАТО елдеріне құқайы БҰҰ мінберінде айтылып, қатаң жауаптар берілді.

Екіншіден – Путин кеше Сочиде сөйлеген сөзінде Еуропа елдерінің жаппай қаруланып жатқаны Кремльдің назарында екенін, керек кезде жойқын соққы беретінін айтты. Ол меңзеген «жойқын соққысы» үйреншікті ядролық бомба құқайы екені айтпаса да түсінікті. Кремль қожайыны соңғы кездегі әрекеттері арқылы НАТО-ның шамына тиіп, сол арқылы өздерінің аталмыш «жалғыз Украинамен ғана емес, НАТО елдерімен соғысып жатырмыз» деген сылтауларын дәлелдеуге барын салып жатқаны көрінеді. Олай істеуге мәжбүрлеген әрине экономикалық жағдай екені, халық назарын жаңа бағытқы бұру екені айдан анық. АҚШ пен Еуроодақтың санкциясы үдеп барады. Мұнайдан түсетін табыс көзден бұлбұл ұшып барады. Күні кеше Франция теңіз армиясы Ресейден Үндістанға заңсыз мұнай тасымалдайтын танкерді тұтқындады. Бұл үлкен сигнал екені анық. Макрон танкерлерге қарсы қимылды НАТО теңіз флотымен бірлесіп жүргізетінін атап өтті.

Путиннің зілдене сөйлеуіне осындай негіздер себеп болды. Ең бастысы Трамптың Украинаға жойқын «Тomahawk» зымыранын беруге келіскені еді. Путин сөзінде Трамппен қатынасына тоқталып, «үлкен державалардың арасында келіспеушілік болатыны табиғи» дей келе, Украина тараптың американдық жойқын зымыранды өздігінен қолдана алмайтынын, өндіруші елдің көмегімен ғана соққы жасай алатын атап өтіп, ондай жағдайда АҚШ-Ресей қатынасы құрдымға кететінін тағы да ескертті.

Деседе Кремль қожайының қарсылығын елеп жатқан ешкім жоқ. Трамп өткенде ғана Ресейді  «қағаз жолбарыс» болып шықты деп сөзбен түйреген еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 522
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 8622
46 - сөз

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 526