Сейсенбі, 7 Қазан 2025
Жаңалықтар 770 0 пікір 7 Қазан, 2025 сағат 14:21

Газадағы соғыс. Келіссөз қалай жүріп жатыр?

Сурет: aa.com.tr сайтынан алынды.

ҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторындағы жағдайды реттеу бойынша жоспарының бірінші кезеңі алдағы апталарды аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы президент Truth Social әлеуметтік желісіне жазды.

- Осы демалыс күндері радикалды ХАМАС қозғалысымен және бүкіл әлем елдерімен кепілдегі азаматтарды босату, Газада соғысты тоқтату, ең бастысы Таяу Шығыста бейбіт өмір орнату бағытында жақсы пікірталас өтіп жатыр. Бұл келіссөздер өте сәтті өтіп, өте жылдам жүріп жатыр,-деп мәлімдеді АҚШ президенті.

Бұл ретте ол 6 қыркүйекте Мысырда осы іске қатысты қалған мәселелер талқыланатын жұмыс тобының отырысы өтетінін қоса кетті.

- Маған бірінші фаза осы аптада аяқталатынын жеткізді, осы ретте мен барлығын жедел қимылдауға шақырар едім, - деп мәлімдеді Трамп.

Осы ретте ол баяу қимыл ешкім де қаламайтын үлкен қантөгістің жалғасуына ықпал ететінін айтты.

29 қыркүйек күні Ақ үй Трамптың Газа секторындағы жағдайды реттеуге қатысты 20 бөлімнен тұратын кең ауқымды жоспарын жариялады. Онда палестина анклавында уақытша сыртқы күштерді енгізіп, жағдайды тұрақтандыру үшін халықаралық күштерді орналастыру көзделген. Израиль бұл талаппен келісетінін жариялады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 701
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9496