Парламенттік реформа: Жұмыс тобы құрылды...

Мемлекет басшысы «Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойды.
«Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған Парламенттік реформа бойынша ұсыныстар тұжырымдау мақсатында осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Жұмыс тобы құрылсын», - деп жазылған Президент өкімінде.
Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының
ҚҰРАМЫ
Қарин Ерлан Тынымбайұлы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Жұмыс тобының жетекшісі;
Жиенбаев Ержан Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары;
Қырықбаев Арман Оразбайұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі, Жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары;
Жұмыс тобының мүшелері:
Айтқожин Қабдолсамих Көшекұлы – заң ғылымдарының докторы, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының профессоры;
Әзілханов Марат Алмасұлы – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығың меңгерушісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары;
Әубәкірова Индира Оралқызы – заң ғылымдарының докторы, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры;
Бәшімов Марат Советұлы – Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы;
Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы – Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіндегі «Аманат» фракциясының басшысы;
Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы;
Егізбаев Серік Рахметоллаұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Ауыл» фракциясының басшысы;
Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы – «Әділ сөз» сөз еркіндігін қорғау халықаралық қорының президенті;
Жақаева Лейла Сұлтанқызы – заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Кеңесінің Сот төрелігі академиясының профессоры;
Жарылғанов Айдар Төлетайұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі;
Имашева Снежанна Валерьевна – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетінің төрағасы;
Караев Алипаша Агаханович – заң ғылымдарының кандидаты, Каспий университеті «Әділет» Жоғары құқық мектебінің профессоры;
Қожаназаров Айдарбек Асанұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Республика» фракциясының басшысы;
Құлшыманов Қанат Амангелдіұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі;
Магеррамов Магеррам Мамедович – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Қазақстан халық партиясы» фракциясының басшысы;
Малиновский Виктор Александрович – заң ғылымдарының докторы, «Нархоз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам профессоры;
Нүкенов Абзал Нүкенұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;
Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы – саясаттанушы;
Пан Наталья Виссарионовна – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасына қарасты «Парламентаризм институты» ШЖҚ РМК директоры;
Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Ақ жол» фракциясының басшысы;
Пономарев Сергей Михайлович – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Рақымжанов Асхат Нұрмағамбетұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Жалпыұлттық социал-демокртиялық партия» фракциясының басшысы;
Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Сарым Айдос Әміроллаұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Чеботарев Андрей Евгеньевич – Ұлттық құрылтай мүшесі, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры;
Шаймарданов Жандос Нұрланұлы – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры;
Шапақ Үнзила – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы;
Шаталов Никита Сергеевич – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Шибутов Марат Мақсұмұлы – Ұлттық құрылтай мүшесі, саясаттанушы;
Ыбыраева Алуа Саламатқызы – заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры.
Abai.kz