Жұма, 10 Қазан 2025
Жаңалықтар 189 0 пікір 10 Қазан, 2025 сағат 14:48

Қазақстан төлқұжатының жаңа дизайны әзірленіп жатыр

Сурет: vlast.kz сайтынан алынды.

Бұл жұмыстар биылғы ақпанда басталған. Оған Ұлттық банктің дизайнерлері мен Банкнот фабрикасының мамандары тартылған.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деді. Жаңа төлқұжат минималистік стильде дайындалады, визалық беттерде фондық суреттер болады, жаңа қорғаныш элементтері енгізіледі. Қазір төлқұжаттың тұжырымдамалық жобасы дайын.

Келесі кезеңде сынақ үлгісі әзірленбек. Қолданыстағы төлқұжат жарамды болып қала береді. Дизайны жаңартылған төлқұжат бұрынғы құжаттың жарамдылық мерзімі аяқталған кезде, бүлінгенде немесе азаматтардың қалауы бойынша ғана рәсімделеді. Құны – өзгеріссіз. Қазіргі төлқұжат үлгісі 17 жылдан бері қолданыста.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 801
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9847