Жұма, 10 Қазан 2025
Билік 362 0 пікір 10 Қазан, 2025 сағат 17:11

Алтын Орда дәуіріне арналған томдық баспаға дайын!

Сурет: akorda.kz сайтынан алынды.

Қазақстан тарихындағы ауқымды ақтаңдақ кезең – Алтын Орда дәуірі. Отандық тарихшылар әзірлеп жатқан академиялық басылымның үшінші томы дәл осы кезеңге арналған. Бүгін редакция алқасының кезекті отырысында алып империя дәуірі қамтылған жинақтың қолжазбасын бекіту туралы шешім қабылданды. Ендігі міндет – басып шығаруға әзірлеу.

Отандық тарих ғылымында Алтын Орда тақырыбының маңызы ерекше. Өйткені өткен кеңестік кезеңде аталған тақырыпты жан-жақты зерттеуге ұзақ уақыт бойы шектеу қойылды. Өкінішке қарай бұл жағдай тарих ғылымының дамуына кері әсерін тигізді. Ғалымдарымыз жаңа томды тек баспаға дайындап қана қоймай, тарихи әділдікті де қалпына келтірді.

Өздеріңіз білетіндей, 2022 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен Жошы ұлысын зерттеу ғылыми институты құрылды. Келер жылы елімізде Алтын Орда мұрасын зерделеуге арналған халықаралық конференция өткізу жоспарланып отыр. Енді, міне, Қазақстан тарихының Алтын Орда дәуіріне арналған жеке академиялық томы бекітілді. Түптеп келгенде осының бәрі Қазақстанда Алтын Орданы зерттеу жөнінде арнайы ғылыми-тарихи мектеп қалыптасып жатқанын айғақтайды.

Сондай-ақ редакция алқасының бүгінгі отырысында жеті томдық еңбектің Қазақ хандығына арналған төртінші томының мазмұнын талқыладық. Авторлар ұжымның жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы Меруерт Әбусейітова және томның үйлестірушісі, тарих ғылымдарының докторы Зиябек Қабылдинов баяндама жасады. Тарих ғылымдарының докторы Еркін Әбілдің, тарих ғылымдарының кандидаты Күлгазира Балтабаеваның, «Қазақ тарихи қоғамының» басқарма төрағасы Радик Темірғалиевтің рецензиялары тыңдалды. Сондай-ақ редакция алқасының басқа да мүшелері өз ой-пікірін ортаға салды.

Жиын соңында редакция алқасы төртінші томды жетілдіру жұмысын жалғастыру және келесі отырыста қарастыру жөнінде шешім қабылдады.

Ерлан Қарин,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 801
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9851