Бейсенбі, 16 Қазан 2025
Жаңалықтар 332 0 пікір 16 Қазан, 2025 сағат 16:58

Алматы облысында әр екінші түлек грант иегері атанды

Сурет: Алматы облысының әкімдігінің ресми сайтынан алынды.

Алматы облысында 2025 жылғы бітірушілер науқанының қорытындысы шығарылды. Биыл өңір мектептерін 17 мың 940 оқушы тамамдады. Соның ішінде 7 681 түлек мемлекеттік білім грантының иегері атанды.

Грант иегерлерінің ең көп бөлігі Талғар ауданында тіркелді — бұл аудан жоғары оқу орындарына түскендер саны бойынша көш бастап тұр. Сондай-ақ Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандары мен Қонаев қаласының көрсеткіштері де жоғары.

Мамандықтар бойынша ең көп грант педагогикалық бағытқа — 1 440 адамға, медициналық салаға — 770 адамға, ал аграрлық мамандықтарға — 543 түлекке берілді. Қалған 4 928 түлек инженерлік, IT және әлеуметтік-экономикалық бағыттарды таңдаған.

Бұдан бөлек, облыстың 27 түлегі Қытай Халық Республикасындағы Синьцзян университетінде тегін оқуға мүмкіндік алды. Оның ішінде Талғар ауданынан - 6, Іле ауданынан - 7,  Еңбекшіқазақ пен Қарасай аудандарынан - 3, Жамбыл ауданынан - 2, Алатау қаласы - 2 және Қонаев қаласынан - 4 түлек бар.

Сонымен қатар, облыс әкімінің бастамасымен жергілікті бюджеттен 30 грант бөлінді: оның 17-сі — медициналық бағытқа (соның ішінде 12-сі интерндерге), 7-сі — аграрлық, ал 6 грант — педагогикалық мамандықтарға арналған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 910
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10134