Дүйсенбі, 20 Қазан 2025
Жаңалықтар 132 0 пікір 20 Қазан, 2025 сағат 15:27

Орынбор ГӨЗ-і қазақстандық шикізатты қабылдауды уақытша тоқтатты

Сурет: Kursib media сайтынан алынды.

Украин дрондарының шабуылынан кейін Ресейдің Орынбор газ өңдеу зауыты қазақстандық шикізатты қабылдауды уақытша тоқтатты.

Қазақстан энергетика министрлігінің хабарлауынша, Орынбор газ өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін туындаған апаттық жағдайға байланысты қазақстандық Қарашығанақ кенішінің газын қабылдауды уақытша тоқтатқан.

“Ресей жағы зауыттың бүлінуі және қалпына келтіру жұмыстарының сипаты жөнінде ақпаратты әзірге берген жоқ. Қазақстанды газбен қамтамасыз ету үзілген жоқ. Газ ішкі тұтынушыларға штаттық жағдайда еш шектеусіз беріліп жатыр” деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Бұған дейін жексенбіге қараған түні украин дрондары Ресейдің Орынбор облысындағы газ өңдеу зауытына шабуылдағаны хабарланған. Куәгерлер бірнеше жарылыс болғанын айтқан. Облыс губернаторы Евгения Солнцеваның айтуынша, зауыт инфрақұрылымы жартылай бүлінген.

“Дрон соққысының нәтижесінде цехтардың бірінде өрт басталды. Оның салдарын жою үшін жедел қызмет жұмылдырылды” деп жазды облыс губернаторы. Оның сөзінше, кәсіпорын қызметкерлері зардап шекпеген, қалаға қауіп жоқ.

Орынбор газ өңдеу зауыты әлемдегі ірі газ-химия кешендерінің бірі ретінде аталады. Зауыт жылына 37,5 млрд текшеметр газ өңдейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1000
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10300