Сейсенбі, 21 Қазан 2025
Қоғам 138 0 пікір 21 Қазан, 2025 сағат 13:36

Патиротизм – отбасынан басталады!

Сурет: kisi.kz сайтынан алынды.

Егер қазіргі қазақ елінде тұрып жатқан 18 жасқа толған кез келген азаматқа «Ал патриотизм дегеніміз не?» деген сауалды төтесінен қояр болсақ, басым көпшілігі көп кідіместен «Патриотизм - бұл өз еліне деген сүйіспеншілік, Отанға деген мақтаныш және Мемлекетке деген құрмет...!» деп жауап беретіні анық.

Иә, патриотизм - бұл өз отбасын сүю дегенді білдіреді... Отбасын сүйе білген жан өзі мекен етіп тұрып жатқан елді құрметтеп және әрине өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің заңдарын бұзбауға барын салады десек ақиқаттан еш алшақ кетпейміз.

Барлық уақытта патриотизм халықтың рухани өмірінде ғана емес, экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени тұрғыда да ерекше рөл атқарды. Патриотизм қандай да бір мағынада мемлекеттіліктің іргетасы, әлеуметтік және мемлекеттік институттардың барлық жүйесінің тиімді жұмыс істеуінің кепілі болып табылады. Осы орайда «Патриотизм дегеніміз не және ол қазақстандық қоғам үшін қандай рөл атқарады?» деген сұрақ туындайтыны анық әрі орынды. Енді осыған рет-ретімен жауап беретін болсақ. Қазіргі уақытта патриотизм Отанға деген сүйіспеншілік пен өз мүдделерін мемлекет мүддесіне бағындыруға дайындықты білдіретін адамгершілік және саяси қағидат ретінде қазақ қоғамында ашық көрініс табады. Патриотизм өз елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімінен, оның мәдени ерекшеліктерін сақтау ниетінен, сондай-ақ Отан пен өз халқының мүдделерін қорғауға ұмтылудан көзге ұрып көрініп тұрады.

Алайда, қазіргі кездегі шындықта, көпдиаспоралы елімізде патриотизмнің жеткілікті түрде күшті эмоциялық құрамдас бөлігіне қарамастан, «алашофобия», «антипатриотизм», «жалған патриотизм» сияқты құбылыстардщы да жиі кездестіруге болады. Бұл немен байланысты және қарсы әрекет етудің қандай әдістері бар? Осы және басқа да мәселелер көпшілігіміздің көңілімізді күпті етіп, әлеуметтік желілер мен отандық БАҚ өзекті тақырыбына айналып үлгерді.

Қазіргі уақытта жаһандану үдерісі жүріп жатыр, бұл қазақстандық қоғам өмірінің барлық жіктеріне және салаларына, ең алдымен жастарға солтүстіктегі көршілеріміздің үлгілері мен құндылықтарын отырғызу мен таңуға РФ тарапынан ақпараттық қысымының күшеюіне алып келді.

Теледидардан, Интернет желісінен Қазақстанға қарсы айтылған пікрілер мен мақалаларды жиі кездестіруге болады. Отандық кейбір газеттер мен журналдарда һәи интернетарналарда «тренд», «лайфхак», «фэшн», «хайп» және т.б. сияқты сөздер аясында патриотизм тәрбиесіне кереғар келетін мақалалар үнемі шығып тұрады дей алмаймыз. Бірақ, ҚР мемлекеттігіне, елдің тұтастығына қарсы һәм титулды ұлттың тілі - қарапайым ұғымдарды білдіру мүлдем мүмкін емес дамымаған тіл сияқты деген жалған идеямен уланғандар ара-тұра қоғамда дүрбелең туғызып, қазақстандық патиротизм әлі қалыптаспаған сияқты пікірді де туғызып отыратынын осы орайда алға тарта отырып, айта кеткенімізде жөн.

Бұл орайда мектептегі тәрбие процесі патриотизмнің ажырамас бөлігі болып табылады. Патриоттық тәрбие ғасыр бойы елдегі қолданыстағы идеологияның ықпалымен белсенді деформацияға ұшырады, сондықтан кеңестік кезеңде революцияға дейінгі барлық істен бас тартуға тырысты. Бір сөзбен айтқанда өткенге топырақ шашылды. Ал қазір кеңестік өткенді белсенді түрде сынап жатырмыз, бұл қазіргі Қазақстанда патриотизмнің қалыптасуына зор ықпал етпетін фактор болып табылады. Және бұл түсінікті, 20 миллион адамның кей бөлігі кедейшілік шегінде тұрып жатыр. Кедейлер мен байлар табысындағы алшақтық біршама тереңдей түсуде, және мемлекеттік биліктің жасаған кеңшілігі мен қолдауы арқасында қол жеткізген өз активтерін Батыстың емес, біздің еліміздің дамуына салуға асықпай отырған бизнес өкілдері де жетіп артылады. Отанымыздың мүддесі үшін өз өмірлерін арнағысы келетін мұндай байшікештер көп емес.
Әрине, мұндай үрдіс 90-шы жылдардағы саясаттың тікелей салдары деп айтуға болады, кеңестік әлеуметтік жүйенің бұзылуы мен соңғы жиырма жыл бойы Қазақстан экономикасында кеңінен қолданылған «шок терапиясымен» байланысты нарықтық қатынастардың, дағдарыстық үдерістердің дамуынан еліміз енді-енді айықты. Бизнес төл құндылықтарымызды патироттықпен дамыта бастады.

Қорытындылай келе, жаһандану мен Еуропаландыру дәуірі Қазақстанда әлеуметтік-мәдени деградацияға ұшырата алмады. Бір кездердегі ұлттық патриотизмнің жоқтығына және өзге ұлт азаматтарының өз елінің болашағына толықтай енжарлықпен қарауына итермелейтінін факторлардан толықтай арылдық деп айта аламыз. Бұның бәрі, біріншіден, бұл 90-шы жылдардағы құндылықтар бағдарының өзгеруіне байланысты. Өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімі, Отан алдындағы борышын сезіну, өз еліне өтеусіз қызмет ету сияқты тарихи қалыптасқан құндылықтар қазақстан азаматтары үшін негіз қалаушы болмай, посткеңестік идеологиядан туындаған материалдық игіліктер бірінші орынға шықты.

Материалдық әл-ауқат рухани байлықтың үстемдігіне айналды. Әсіресе, мұны жас ұрпақтың құндылық бағдарынан байқауға болады. Өйткені, ұжымшылдықтың орнына даралылық келді, жанашырлық идеясы эгоцентризмге жол берді. Махаббат, отбасы, бала тәрбиесі сияқты мызғымас әлеуметтік құндылықтарды жыныстық қатынас, жыныстық девиация, бір жынысты некелер ығыстырып шығармақшы да болды. Тұтынушы ретінде өмір сүру сәнді болды, өйткені бәрін сатып алуға болады - махаббат, достық, Отан, - онда неге сол Отанымыздың игілігі үшін өзіңді құрбандыққа шаласың?! Патриотизм идеялары, ата-баба мұрасы, төл тарихы ресейшіл батыстыққа ауыстырыла жаздады.

Бүгінде азшылықтағы кейбіреулер кеңес дәуіріндегі патриоттық тәрбие тәжірибесіне жүгіну керек деп санайды. Басқалары, яғни, басым көпшілік бүгінде кеңес заманындағы патриоттық тәрбие тәжірибесіне жүгінудің қажеті жоқ. Керісінше қазақи тәлім-тәрбие аясына бәрін шоғырландыру керек деп есептейді.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1017
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10345