Жұма, 24 Қазан 2025
Жаңалықтар 127 0 пікір 24 Қазан, 2025 сағат 13:40

Еңбек культін ілгерілету жүйелі түрде жүргізіліп келеді...

Сурет: akorda.kz сайтынан алынды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек культін ілгерілету, жұмысшы мамандықтар мәртебесін арттыру саясатын жүйелі әрі жоспарлы түрде жүргізіп келеді.

- Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады.

- Мемлекеттік наградалар жүйесіне жаңадан 9 құрметті атақ қосылды: ғалымдар мен өнертапқыштар, инженерлер, архитекторлар мен құрылысшылар, кеншілер мен шахтерлер, геологтар, өнеркәсіп, көлік, су және аграрлық сала жұмысшылары үшін.

- Елімізде 63 кәсіби мереке аталып өтіледі, Еңбек күніне ерекше маңыз берілген.

- Жыл сайын еліміздің дамуына адал еңбегімен жеке үлесін қосып жүрген азаматтарға мемлекеттік наградалар тапсырылады.

- Республика күні қарсаңында Президент түрлі салалардың 500-ден астам жұмысшысын, еңбек әулеттерінің 138 өкілін, 200-ден астам ғалымдар мен педагогтерді, медицина қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

- Ең жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстанның Еңбек ері» атағы көп жылдық еңбек өтілі бар әрі еңбек әулеттерінің өкілі саналатын механизатор М.Қаражұманов пен шахтер С.Чернобайға берілді.

Қарин Ерлан Тынымбайұлы,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1081
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10483