Жұма, 24 Қазан 2025
Жаңалықтар 970 0 пікір 24 Қазан, 2025 сағат 14:16

Нұрбол Назарбаев ісі: Бас прокурор не дейді?

Сурет: qaz365.kz сайтынан алынды.

Бас прокурор Берік Асылов Болат Назарбаевтың ұлы, 41 жастағы Нұрбол Назарбаевтың активтерін мемлекетке қайтару процесіне қатысты депутат Ринат Зайыттың сауалына жауап берді.

Депутат бұған дейін Мәжіліс отырысында кіші Назарбаевқа қатысты сот процесінің жабық өткенін айтып, активтерді қайтару ісіндегі ашықтықтың болмауы қоғамда сенімсіздік тудыратынын мәлімдеген болатын.

Алайда Берік Асыловтың жауабында бұл процестердің жария түрде жүргізілуіне заң жол бермейтіні айтылған.

– Заң шеңберіндегі жұмыспен сіздің сауалыңызда көрсетілген тұлға да қамтылған. Дегенмен, «Заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы» Заңның 8-бабының 3-тармағына сәйкес, активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган мен комиссия алынған мәліметтердің сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті. Сіз көрсеткен ақпарат активтерді заңсыз иемденуге қарсы іс-қимыл барысында ескерілетін болады, – делінген Бас прокурордың ресми жауабында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1086
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10491