Сейсенбі, 28 Қазан 2025
Жаңалықтар 102 0 пікір 28 Қазан, 2025 сағат 16:22

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды

Сурет: aikyn.kz сайтынан алынды.

Ақтөбеде мобильдік «bingo37.pro» қосымшасы арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, қылмыстық кірістерді заңдастырған ұйымдасқан топтың ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қарсы сот үкімі шығарылды.

Қатысушылардан түсетін ақша аударымдарын операторлар қабылдап, оларды платформада тіркеп, әрбіріне «логин», «пароль» және ойындарға кіруге сілтеме берілген.

Заңсыз онлайн казиноның күн сайын 150 000-нан 200 000-ға дейін түсіп отырған. Қылмыстық кірістерді жылыстату мақсатында алаяқтар «дропперлерді» тартқан, яғни банктік карталары арқылы ақшаны қолма қол айналымға өткізген.

Айта кетсек, ұйымдастырушыларының бірі 2020 жылы дәл осындай қылмыс бойынша қолға түсіп, жазаланған болатын, бірақ соған қарамастан заңсыз қызметін тоқтатпаған.

Сот үкімімен тоғыз кінәлі адамға 2 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар қылмыстық кірістерге алынған үш автокөлік тәркіленді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1183
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10675