Бейсенбі, 30 Қазан 2025
Жаңалықтар 1057 0 пікір 30 Қазан, 2025 сағат 17:35

2026 жылы зейнетақы қалай өзгереді

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы мен бірқатар әлеуметтік төлемдер мөлшері ұлғайтылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір Сенаттың қарауында “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң бар.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылға арналған кірістер көлемі – 22,8 трлн теңге, ал шығыстар – 26,2 трлн теңге деңгейінде бекітілген.

Заң бойынша 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдерге келесі көрсеткіштер белгіленеді:

  • Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;
  • Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге;
  • Ең төменгі зейнетақы мөлшері – 69 049 теңге;
  • Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге;
  • Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.

Жас бойынша және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылардың көлемін 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 пайызға арттыру көзделеді, делінген құжатта.

2024 жылғы 1 қазанындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 2,51 миллион зейнеткер бар. Орташа жиынтық зейнетақы көлемі 142 810 теңгені құрайды, оның ішінде ынтымақты зейнетақысы – 95 249 теңге, базалық зейнетақы – 47 561 теңге.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1264
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10821