Қырғызстанда энергетикалық дағдарыс басталды
Қырғызстан билігі электр энергиясының жетіспеушілігінен туған дағдарысқа байланысты «түнгі тыныштық» режиміне көшті. Бұл туралы «Usbanov ARNASY» телеграм арнасы жазды.
Ел үкіметі арнайы заң әзірлеп, бекітті. Ол бойынша: елдегі барлық ойын-сауық нысандары, клубтар, мейрамханалар, асханалар, спорттық нысандар, боулинг, бильярд т.б. коммерциялық нысандар жұмысын 22:00-де тоқтатуы тиіс. Ал 22:10-да барлық жарық сөндірілуі керек. Сондай-ақ, 22:00-ден кейін той тойлауға да тыйым салынды.
Қырғыз ҰҚҚ басшысы Қамшыбек Ташиев барлық жергілікті әкімияттарға қатаң тапсырма беріп, 22:00 мен 07:00 аралығындағы тыныштық режимінің сақталуын бақылауды тапсырды. Қазірдің өзінде Қырғыздың шағын және орта бизнесі бұл қатаң шараларға наразылықтарын білдіруде.
Abai.kz