Сейсенбі, 25 Қараша 2025
Жаңалықтар 142 0 пікір 25 Қараша, 2025 сағат 15:49

Алматыда жаңа құрылысқа қатысты тыйым енгізілді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды.

Шаһар билігі бос жатқан жер телімдерін болашақ инфрақұрылым жобалары үшін резервке қалдыру туралы шешім қабылдады.  

Алматыда жер телімдерін 20 жыл мерзімге резервке алу туралы қаулы қабылданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл аумақтарда кез келген құрылыс жүргізуге тыйым салынады. Тізімге жалпы аумағы 3,43 гектар болатын 30 жер телімі енгізілген.

Шектеу қаланың 5 ауданына қатысты:

  • Бостандық,
  • Медеу,
  • Әуезов,
  • Алатау,
  • Наурызбай.

Бұл жер телімдері мемлекет меншігінде қалады, оларды сатуға да, құрылыс салуға да болмайды. Мұндай шешім қаланың болашақ жобаларын жолдар, мектептер және өзге де инфрақұрылым нысандарын іске асыруға мүмкіндік береді.

Abai.kz

0 пікір