Жұма, 28 Қараша 2025
Жаңалықтар 85 0 пікір 28 Қараша, 2025 сағат 14:51

Ұлттық банк инфляция болжамын қайта қарады

Сурет: Егемен Қазақстан сайтынан алынды

Ұлттық банк инфляцияның 2025 және 2026 жылдарға арналған болжамын қайта қарады.

2025 жылы инфляция 12,0-13,0%, 2026 жылы 9,5-12,5% шегінде күтіледі. 2027 жылдың қорытындысы бойынша ол 5,5-7,5%-ға дейін баяулайды деп күтіледі. Болжамды түзету биылғы инфляцияның іс жүзіндегі мәні болжамды мәндерден едәуір асып кетуіне және инфляциялық күтулердің жоғары динамикасына негізделеді, - делінген Ұлттық банк мәлімдемесінде.

Ұлттық банк 2026-2027 жылдары “инфляция + 5%” схемасы бойынша реформа қарқынын қайта қарау аясында бағалардың өсетінін ескерді.

2026 жылға арналған инфляция болжамы нақты бір сан емес, кең диапазон болып берілген. Мысалы: 9,5–12,5%. Бұл – болашақтағы жағдайды дәл болжау қиын екенін білдіреді.

Болжам тәуекелдері ішкі сұраныс пен ұсыныс мүмкіндіктері арасындағы теңгерімсіздіктің күшеюімен, сыртқы инфляцияның және инфляциялық күтулердің жеделдеуімен, сондай-ақ реттелетін бағалардың, ЖЖМ мен ҚҚС артуынан болатын қайталама әсермен байланысты, - делінген Ұлттық банк мәлімдемесінде.

Негізгі белгісіздік факторларының бірі – экономиканы қаржыландыруды «Бәйтерек» ҰБХ АҚ» арқылы ұлғайту ықпалы. Үкіметтің мәліметі бойынша, оның көлемі 2026 жылы 8 трлн теңгеге, яғни ЖІӨ-нің 4,4%-на жетуі мүмкін. Мұндай қысым инфляциялық қысымды күшейтіп, алдағы фискалдық шоғырландыру әсерін ішінара реттеуі мүмкін.

Бұған дейін Ұлттық банк әлемде азық-түлік бағасы қымбат болғандықтан, импорт арқылы Қазақстанға әсер етіп тұрғанын мәлімдеді.

Abai.kz

 

0 пікір