Сейсенбі, 2 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 68 0 пікір 2 Желтоқсан, 2025 сағат 15:18

«Лукойл» Қазақстандағы маңызды жобадан кетпеді

Сурет: eurasia24.media сайтынан алынды.

АҚШ пен Ұлыбритания санкцияларына ілінген ресейлік «Лукойл» Қазақстандағы Қаламқас-теңіз және Хазар мұнай кен орындарын дамыту жобасынан бас тартқан болып көрінеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұнай-газ саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов Telegram-арнасында «ҚазМұнайГаз» «Kalamkas — Khazar Operating» ЖШС қызметкерлерін басқа заңды тұлғаға көшіруді жоспарлап отырғанын жазды.

— «ҚМГ Инжиниринг» компаниясының жобаның детальді инжинирингін дамытатын қызметкерлері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жобадан алынады. «Kalamkas — Khazar Operating» компаниясының кейбір қызметкерлері 1 қаңтардан бастап жаңа серіктеспен келісім жасалғанға дейін «ҚазМұнайГаздың» бірбіріккен еншілес компаниясына уақытша ауысады, — дейді Нұрлан Жұмағұлов.

Жаңа серіктес кім болатыны әзірге белгісіз. Мүмкін, жобаның жаңа инвесторы Қытай компаниясы болуы мүмкін. Сарапшының айтуынша, жоба перспективалы: кен орындарында жаңа мұнай құрылымдары табылған, ал алынатын қор көлемі қайта қаралған және арттырылған. Желтоқсан айында «Қаламқас — Хазар» жобасы бойынша 6,5 млрд доллардан астам инвестициялық шешім қабылдау жоспарланған болатын. Алайда «Лукойлға» салынған санкциялар бұл жоспарларға кедергі болды. Бұрын энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстан үкіметі «Лукойлдың» активтерін сатып алуды жоспарламайтынын айтқан.

Abai.kz

0 пікір