Сәрсенбі, 3 Желтоқсан 2025
Өзекті 117 0 пікір 3 Желтоқсан, 2025 сағат 14:12

Мен аңсаған арманның құлағы көріне бастады…

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Президент айтқан екі мәселе:

— Ауыл әкімдерінің өкілеттіктерін күшейту керек;

— Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі ауыл әкімдерінің мәртебесі туралы мәселені айналып өте алмаймыз. Бұл – өте өзекті дүние. Аталған ұсыныс бұған дейін де бірнеше рет көтерілгенін, тіпті, Президент Әкімшілігіне тиісті өтініштер түскенін жақсы білемін…

Бұл — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөйлеген сөзінен алынған мен үшін өте маңызды екі түйін.

Иә, Ауыл әкімдерінің өкілеттіктерін күшейту керек!

Бұл — менің соңғы үш жылда тынбай көрген тақырыбымның біреуі.

https://abai.kz/post/170615

https://abai.kz/post/168095

https://abai.kz/post/169993

Президент Әкімшілігіне түскен сол тиісті өтініштердің басым көп бөлігі менен түскен болуы керек.

Ол хаттарда айтылған ауылдық округ әкімінің құзыретін тағы да үш бағыт бойынша кеңейту; аулдық кеңес құру; республикалық бюджетті облыс пен ауданға емес, тікелей ауылға беру туралы ұсыныстар бірнеше министрлікте талқыланған да болатын…

Міне, Құдайға шүкір, мен аңсаған сол арманның мүйізі көріне бастады. Мен көтерген мәселеге Қасым-Жомарт Кемелұлы назар аудырды, «Ауыл әкімдерінің өкілеттіктерін күшейту керек!» деп, Үкіметке тапсырма беріпті Президент.

Әрине, ойбай, Мемлекет Басшысы Ауыт Мұқибектің ұсынысымен ғана ауыл әкімдерінің өкілеттіктерін күшейту туралы шешім қабылдады деуден аулақпын.

Бірақ, менің ұсыныстарымның белгілі дәрежеде ықпылы болғанына өз басым сенімдімін!

Тағы бір жағынан ашық БАҚ пен әлеуметтік желілерде дәл осындай ұсыныс берген жанды көзім шалған емес…

Сондықтан, мен Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл шешіміне дән ризамын және сәттілік тілеймін!

Себебі, егер, бұл реформа дәл мен ойлағандай етіп жасалса, ең алдымен, мемлекеттен бөлінген ақшаның ауыл халқына жетуін қамтамасыз етеді, урбанизация тыяды…

Ауыт Мұқибек

Abai.kz

0 пікір