Бейсенбі, 4 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 111 0 пікір 4 Желтоқсан, 2025 сағат 14:17

Еліміздің уран қоры қанша?

Сурет: сайт мұрағатынан алынды.

Елдегі уранның болжамды қоры 2 млн тоннадан астам. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров мәлім етті. 

— Қазақстанда уранның болжамды қоры 2 млн тоннадан асады. Елде 9 уран провинциясы бар, — деді Ерлан Ақбаров сенаторлардың сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетейік, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске көмірсутектер мен уран саласында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы бірінші оқылымда қаралды.

Заңның мақсаты — жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру, инвестициялық тартымдылықты арттыру, сондай-ақ мемлекеттің уран саласындағы мүддесін қорғау.

Бұған дейін хабарланғандай, уран саласындағы ұлттық компанияға жаңа кен орындарын игеруде басым құқық беріледі.

Abai.kz

0 пікір