Сәрсенбі, 24 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 104 0 пікір 24 Желтоқсан, 2025 сағат 14:12

Шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы өтіп жатыр

Сурет: ҚР ҰОК телеграм арнасынан алынды.

Қазіргі таңда Щучье қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы өтіп жатыр. Республикалық турнирге елдің 11 өңірінен 150-ден астам спортшы қатысуда.

Жарыс аясында спринт бағдарламасы бойынша үздіктер анықталды.

Ерлер арасында алтын медальді Константин Борцов жеңіп алды. Күміс жүлде Сұлтан Базарбековке бұйырса, қола жүлдені Дастан Қалыбеков еншіледі.

Әйелдер арасындағы жарыста Анна Мельник жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілді. Екінші орынды Надежда Степашкина иеленді. Ал қола жүлде Дарья Ряжкоға бұйырды.

Abai.kz

0 пікір