Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1227 0 пікір 6 Қаңтар, 2026 сағат 14:59

ҰБТ халықаралық стандарттарға бейімделеді

Сурет: Егемен Қазақстан сайтынан алынды

Ұлттық бірыңғай тестілеу мазмұнын өзгерту жоспарланған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова айтты. 

Оның айтуынша, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу өзгермейді. Алайда 2027 жылдан бастап ҰБТ тапсырмалары талапкерлердің дағдысын бағалау үшін халықаралық стандартталған тестіге бейімделеді.

- Биыл ҰБТ өзгермейді. Келесі жылдан бастап тапсырмалар мазмұны талапкерлеріміздің дағдысын айқындауға мүмкіндік беретін халықаралық стандартталған тестіге бейімделетін болады. Осы орайда бұл талапкерлерімізге қосымша жүктеме болмайтынын, керісінше олардың қаншалықты білімді екенін, оларды білім алу барысында қалай қолдана алатынын анықтауға мүмкіндік беретіндігін тағы да атап өткім келеді, - деді комитет төрағасы.

Бұған дейін ETS-пен ұлттық тестілеу жүйесін реформалау жобасы іске қосылатынын жазған едік.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 797
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2123
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 538
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 512