Сәрсенбі, 14 Қаңтар 2026
Алашорда 297 0 пікір 14 Қаңтар, 2026 сағат 12:40

Жоламан ауылының кеден аумағына кіргізілуі

Сурет: Автордың мұрағатынан алынды.

Орыс патшалығының қазақ даласына алғаш аяқтарын басқаннан мұндағы сауда алаңдарына деген қызығушылығы өте жоғары болғаны көптеген деректерден белгілі болып отыр.

Семей өңіріндегі алғашқы бекіністерін Тыным орманындағы Қаракемер маңына 1718 жылы салғаннан саудагерлерге салық салатын қосымша табыс көздерін іздестірген:

«... с первых лет существования крепости обещало огромные выгоды русскому и иному купечеству и доходы казне в виде пошлинных сборов. Для контроля производившегося через Семипалатинск торговых операций с азиатскими народами в крепости содержался таможенный смотритель. Но в целом торги «бывали тогда недостаточными, почему подлинных сумм собиралось мало». 1

Сонау бағзы заманнан ірі сауда орыны болып келген Семей өңіріне дүниенің əр түкпірінен келетін сауда керуендерінің молдығы орыс патшалығының қызығушылығын арттыра түсті. Семей өңіріндегі сауда тарихы жайлы И.Земляницын «Среднеазиятские владения» мақаласында:

«Торговая сношения которых ныне происходит через Семипалатинск принадлежать к числу древнейших международных сношении Азии. Русские приняли в них участие только во время последних трех столетии, и только с этого времени они делаются известными и по официальным сведениям», – деп жазғанынан орыс патшалығының бұл аймаққа кейіннен келседе сауда алаңдарын өздері ұйымдастырғанын айтуларының өтірік дерек екенін байқауға болады.

Тіптен кейбір деректерден Семей сауда алаңдары Әбілпейіз сұлтанның Батыс Сібір губернаторына жазған хаты бойынша негізі салынған деген деректерде кездеседі. Бұл жерде Әбілпейіз сұлтан өз қарамағындағы халықтың ешқандай кедергісіз сауда жасауын қамтамасыз етуді сұрап хат жазуы мүмкін. Бірақ Семей сауда алаңдарының пайда болуына Әбілпейіз сұлтанның тікелей қатысы бар деген дерек шындыққа жанаспайды.

Бұл маңға əлі толық орнығып болмағандықтан жəне бекіністі азық – түлікпен қамтамасыз ету жолын жоғалтпау керектігінен жергілікті қазақтарға салық салу жайын ойлау олар үшін өте қауіпті əрекет еді. Сондықтан сырттан келетін саудагерлерден салық алуды тиімді санаған. Олардың саны артып, Семей арқылы таситын тауарларының көп болуы пайдалы болатынын ерте бастан түсіне білді. Өзге елдерден саудагерлердің көптеп келуіне қолайлы жағдай жасауға тырысқан. Бұл бір жағынан сырттан келетін саудагерлерді орыс патшалығының шенділері шолғыншылық, ақпараттық дерек алу көзі ретінде пайдалану болғанымен шындығын айту керек, сол кезеңде Семей өңірінің дамуына оңды əсер етті.

«Дальнейшее возрастание значения Семипалатинска как торгового центра было связано с "поведением" джунгарских владельцев. Царское правительство, заинтересованное в развитии торговых и иных отношений с азиатскими племенами, народами и государствами, стремилось склонить к торговле и джунгар. Так, в 1732 к ойратском у владельцу Галдан-Цэрену, имевшему резиденцию на р.Или, правительством был отправлен генерал-майор Угрюмов с заманчивым обещанием "не брать пошлины с калмыцких купцов, приезжающих с торгом на Иртышскую линию, а ограничиться взиманием ее только с русских купцов, вывозивших азиатские товары из владений Галдан-Цэрена", и встречную просьбой, чтобы и Галдан-Цэрен не брал пошлины с русских товаров, привозимых в Джунгарию. В ответ на это посольство Галдан-Цэрен отправил в Россию вместе с Угрюмовым своего посла Зогду-хана, с которым в Семипалатинскую крепость приехало большое количество джунгарских и бухарских купцов». 2

Семей өңірінде 1728 жылы бір ғана кеден бақылаушысымен Сібір «приказы» құрамында, Ресейдің жаңа астанасы Мəскеудегі Мемлекеттік коммерц – коллегияға тікелей бағынатын кеден қызметі болса, 1754 жылдан шекаралық кеден қызметі тұрақты жұмыс жасай бастаған. Орыс басқыншылары қазақ жеріне мығым орналасып алғаннан соң XIX ғасырда қазақ саудагерлеріне де өз талаптарын қоя бастайды.

Сібір желілік инспекторы генерал-лейтенант Глазенап «не верноподанный», «за линейный», «заграничный» қазақтардың мал-мүлкін есепке алып, салық мөлшерін ұлғайтуды ұсынады. Сауда жасау үшін сауда куəлігінің болуы міндетті болады. Соның нəтижесінде салықтан түскен қаржы артып, сол үшін орыс патшасы I Александр Г.И.Глазенапты 1811 жылы 30 сəуірде табакеркамен (шақша) марапаттаған екен.

Жоламанның жəне өзгеде қазақ саудагерлерінің көптеген жеңілдіктері бар орыс, татар, ноғай, тəшкендік, бұқарлық, қоқандық саудагерлердің куəліктерін пайдаланып, солардың сауда өкілі ретінде кəсіпкерлік жасаулары осы Глазенап енгізген ереже бойынша салық мөлшерінің артуы еді. Қазақ саудагерлеріне ешқандай жеңілдіктер берілмеді, тек мещандық атақ пен гильдия дəрежесін сатып алғанда ғана аз мөлшердегі жеңілдікке ие болатын болған. Солай бола тұрғанның өзінде қазақ саудагерлерінің кəсіпкерліктері тоқтаған жоқ. Қайта саудалары жүріп, үйлерінің маңына зат сақтайтын қоймалар салуы өзеннің арғы бетіндегі патша шенеуніктерінің дегбірін қашырып, «...товары, которые по нахождении строении Джандырбекова на самом берегу Иртыша, против покрытого лесом острова, могут быть вывозимы из-за границы тайно, без таможеннаго сбора ...» – деген ой мазалай берген секілді. Ақыр аяғында Ертістің сол жағалауындағы өздері «Заречная Слободка» атайтын елдімекенді өз бақылауларына алғандарындай енді Жоламан ауылында кеден аумағына өткізуге шешім шығарады.

«Министерство финансов

Начальник Сибирского таможенного округа

1го марта 1855 года

№237

Г. Семипалатинск

О введении в таможенную черту заречных строении так называемой Джоламаным Семипалатинской таможни.

В следствие представления от Семипалатинской Таможни от 7 июня 1854 года за №870 я входил в сношение в г. исправляющим должность Военнаго Губернатора Сеимпалатинской области о введении в таможенную черту заречных строении так называемой Джоламанки.

Ныне, Его Превосходительство уведомил меня, что представление его по сему предмету г. Генерал губернатора Западной Сибири отозвался, что строения той Джоламанки долично считать состоящими в таможенной черте, на основании общаго разрешение бывшаго Генерала Губернатора князя Горчакова, к мнению в отзыве бывшему начальнику Сибирскаго Таможеннаго Округа от 22 февраля 1847г. за №303 где предлагал таможенной черты назначены в 7 верстном пространстве в ту и другую сторону от г. Семипалатинска. Давая о сем знать Семипалатинской Таможне предлагаю сл: все иностранные товары или таковые есть на складке в строениях Джоламанки приказать представить в Таможню для очистки пошлиною и затем воспретив складку оных там, имет засим строжайшее наблюдение подвергая конфискации тайно водворенные в Джоламанки товары, подобно тому, как это делается с водворяемыми предметами в Семипалатинску Заречную слободку.

Начальник Округа Армистров». 3

Осы уақыттың (1855 жылдары) өзінде Жоламан ауылы «Заречная Слободка» деп аталатын Тінібай, Тарақты жатақтарынан бөлектене айтылатындықтан Ахметуəли Мұнасып қолжазбасындағы Жоламан мешіті жайлы жазған тараудағы «Бұл аймақ 500-ден астам үйі бар үлкен ауыл саналады» деген сөзін нақты дерек ретінде қабылдауымызға болады.

Жоламан ауылында тек Жоламанның ғана емес, сол жағалауды мекен еткен көптеген бай-көпестердің қойма, дүкендері болғаны белгілі. Кейбір нақтыланбаған деректер бойынша (ел аузында да айтылады) қазіргі Жаңа Семейдегі бұрынғы жіп иіру фабрикасы орналасқан жерден бүгінгі Ф.Сорокин көшесіне қарайғы аумақта үлкен қоймалар болған екен. Бұл жердің 1916 жылғы Алаш қаласының жоспар-сызбасы арқылы жəне кейбір əдеби-көркем шығармаларда жазылатын қара базар маңы екендігін білеміз. Әрине Жоламан ауылын кеден аумағына өткізу жайы қарастырылған 1855 жылдарғы аумағы, көлемі белгісіз болғанымен сол қоймалар негізінде ұлғайған Жоламан ауылындағы қоймалар жайындағы деректерді 1924 жылдары Семей уезінің орталығын Алаш қаласына көшіру кезіндегі құжаттардан көруге болады.

«Сведения о жилищном фонде г.Алаша, в связи с переездом уездных учреждений в Алаш»

3 июня 1925г. г.Семипалатинск

ГОМХ сообщает, что коммунальный жилищный фонд в районе

Алаша следующий:

1/ Коммунальных домовладений – 64, в них домов – 41, в том

числе 22 дома на Джеломанке.

2/ Жилая полезная площадь из них – 1331,73 кв.саж.

3/ Торговых помещений –7, полезная площадь в них –157,55 кв.саж.

4/Складочных помещений–23,в ни хполезной площади

1900,22 кв.саж.

ЦДНИ. Ф.73.Оп.1.Д.423.Л.50 – 50 об.»4

«Предложения по организации в г.Алаше уездного центра» 3 июня 1925г.  г.Семипалатинск

Алаш, прежде Заречная Слободка, в довенное время служил центром сбора кожевенного сырья, шерсти и местом продажи крупного и мелкого скота.

Огромные склады на левом берегу р.Иртыш/ уроч. Джеломанка/ вмещало себе 75% всего кожевенного собираемого в Семипалатинском, Семиреченском районах и Западном Китае сырья.

ЦДНИ. Ф.73.Оп.1.Д.423.Л.15 – 15 об.» 5

Осы қоймалардың негізі болып саналатын Жоламан ауылындағы қоймалар мен дүкендерді өз бақылауларына алып, салық түсімін арттыру мақсатында патша үкіметі Жоламан ауылын кеден аумағына өткізеді.

«В Семипалатинскую Заречную полицию

Жителям города Семипалатинска известно давно, что слободки за рекою Иртышом против города а равно прилегающие к ним, аул Киргиз. Старшины Джоломана Джандырбекова наосновании распоряжении Главнаго управление Западной Сибири и г. генерал губернатора генерала от инфантерии Гасфорда, по сим дававших в 1847 году введение в таможенную черту, в коей со и городов на 7 верстное пространство.

На сим основании для отвращение каким либо недоразумений со стороны торгующих и жителей города и за рекою Иртышом Семипалатинская таможня считает нужным обьявить вновь

1) что в слободке за рекою Иртышом неможет быть складываны безведома таможнии и караула со стороны никакие заграничные товары неоплаченные пошлинаго.

2) что по стараго издание новых правил о торговлях заграничною солью не дозволяется нигде, в черте таможенной, ни под каким предлогам склады заграничной соли, и оная в подвергается общим сторговле солью правилам о чем уведомлен и Заседатели по .... части Иртышской линии.

3) что по случаю учреждения передоваго таможеннаго по сим за Иртышом выше Средней Слободки на Караванной дороге в заграницу или из заграницы

4) что караваны и воза следовать заграницу или из заграницы через возначаемый передовой пикет в противном случае взымания на основании законов.

Об этом таможня просит Полицию опубликовать в городе и его и поисполнении уведомить таможню.

Подписали:   Управляющий   Цуревский            Верно қолы». 6

Осылайша 1847 жылы Жоламан ауылы шекаралық кеден басқармасының қарауына алынып, жергілікті полиция келген, кеткен əр кіре, керуенді жəне олар кірген, шыққан Жоламан ауылындағы үйлерді бақылап, тексеріп отырған. Осы арада заңды сұрақ туындайды, «сол кезде Жоламан ауылында қанша үй болды екен жəне олардың нешеуінің иелері саудамен айналысқан?». Орталық Мемлекеттік Мұрағатындағы « Список строенным за рекою Иртышом оказавшиеся по свидетельству сделаннаму 4го числа декабря 1841 года поданному вновь» деген құжатта (478 қор. 1 тізімдеме. 1 іс, 33 – 34 парақ) 80нен астам адамның тізімі беріліп, үйлерінің саны жазылады. Осы бір тізімнің өзінде ғана Жоламан Жандарбекұлының 5 үйі бар екендігі жазылған. Ал, 1898 жылғы «Памятная книжка Семипалатинской области» шығарылымында «Жоламан ауылында 31 үй ғана бар» – деп көрсетілген. Семей тарихын 1888 жылы жазған қолжазбасында Ахметуəли Мұнасып Жоламан мешіті төңірегінде 500-ден астам, Тінібай мешіті айналасында 150-ден астам үй бар екендігін баян қылады. Сол үйлердің көбінде сауданы кəсіп қылғандардың тұрғаны анық. Олардың шекаралық кеден басқармасына салық төлеп тұруы үшін сол кезеңдегі биліктің қарқынды əрекетін жоғарыдағы құжаттардан көрдіңіздер. Егер салық төлеуге қабілетсіз кедей-кепшік қазақтар тұратын ауыл болса бұлай жанталаспас еді. Бір деректі бұрмалағандарын екінші бір дерекпен өздерін өздері əшкере қылмас еді. Алдағы уақыттарда өңір тарихы зерттеліп шын деректер тарих оқулықтарында жазылары анық. Тек зерттеушілер өтірік ақпарат жетегінде кетпесе болғаны. Ондай өтірік ақпараттар мен шын деректерді бұрмалау немесе жасырып қалу еліміз егемендік алған тұста да қылаң беріп қалады. Семей мұрағатының (қазіргі Абай облысы Мемлекеттік Мұрағаты) 90 жылдығына арналған ғылыми –практикалық конференцияда (2010 ж.) өлкетанушы Виктор Кашляк «Семипалатинские купцы и промышленники конца XVIII – XIX в.в.» деген тақырыпта баяндама жасаған екен. 26 парақ баяндаманың соңында: «Говоря о мусульманских купцах, обязательно надо сказать и о представителях казахского народа. В Семипалатинских таможенных документах (начало XIX века – 1868 год) из казахских купцов упоминается только одна фамилия – Тыныбай Каукенов, остальные казахские торговцы вместо со старшиной Жоломаном Яндырбековым проходили как «заграничный киргиз» и «верноподанный киргиз». Из года в год численность их увеличилась. Если в 20-х годах XIX века через таможню проходило 2 – 3 человека такой категории торговцев, то в 1867 году их было 62 человека, но торговый оборот самого предприимчивого не превышал 10 тыс.руб.

Как уже было сказано выше, единственным купцом – казахом в этот период был Тыныбай Каукенов» дей келе 1 жарым парақта Тінібай Кəукенұлы жайлы мəліметтерді айтып аяқтапты.

Әрине Кашляк баяндамасын Семей мұрағаттарында сақталған құжаттарға ғана сүйеніп жазуы мүмкін, бірақ бұл қазақтардың ең ептісінің (самого предприимчивого. В.Кашляк) өзінің тауар айналымы 10 мың рубльден аспаған деген пікірімен көп жағдайда келісуге болмайды. Кейбір деректерде, 1831 жылы Тана Тілемісұлының Семей базарында 10 мың пұт астық сатқаны айтылса, ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсон 1858 жылы Лондонда басылып шыққан «Шығыс жəне Батыс Сібір зерттеулері» еңбегінде «Семейде мал өткізушімен әңгімелестім. Ол сатуға 300 жылқы, 7 000 бұқа, 20 000 қой әкеліпті.

Олардың бағасы 100 000 сомнан асады» деп жазған екен. Жоламан Жандарбекұлының 1827 жылдың 8 маусымында Семей Дуаны Басқармасына берген түсініктемесінде Шəуешекке сауда сапары жайлы, «Семейден саудаға алып шыққан 600 жылқы, 400 өгіз, 3 000 қой және орыс тауарларын табысты саудаладық» деп жазғанын ескере отырып, «Годовая ведомость. О пришедших и отшедших Караванах. Семипалатинской Пограничной Таможни. За 1825 год»7, «Годовая ведомость. О пришедших и отшедших караванах.

Семипалатинской Таможни. За 1830 год»8, «Годовая ведомость.

Семипалатинской Таможни. За 1831 год»9 деген мұрағаттық құжаттарда қазақ саудагерлерінің қытай қалаларына бір арбамен барып – келгендері немесе 96 сомның (рубльдің) тауарын əкеткендері жазылады. Сол кезеңнің бағамы бойынша 96 сом 3-4 жылқының бағасы. Осы жерде кеден бекеттерінде арба немесе жүк артылған түйе сандары нақты жазылғандығына жəне барлық тауардың тіркеліп, бағаланғандығына күмəн туындайды.

Өңіріміздің өлкетану саласы тыңғиықты зерттеулерді қажет етеді. Зерттелетіндігіне сенімім мол, бірақ зерттеушілер бұрмаланған, жалған ақпараттар жетегінде кетпесе екен деймін.

Дереккөздер:

1) Касымбаев Ж. «История города Семипалатинска (1718-1917гг.)». -Алматы, 1998. 58 б.

2) Касымбаев Ж. «История города Семипалатинска (1718-1917гг.)». -Алматы, 1998. 58 б.

3) ҚР ОММ 478 қор, 1 тізімдеме, 1 іс, 241 – 242 парақ.

4 )Город Алаш (сборник документов). Семей. 2010. 310-311 б.

5) Город Алаш (сборник документов). Семей. 2010. 308-310 б.

6) ҚР ОММ 478 қор, 1 тізімдеме, 1 іс, 251 парақ қайырмасымен – 252 парақ.

7) ҚР ОММ 478 қор, 2 тізімдеме, 465 іс.

8 ) ҚР ОММ 478 қор, 2 тізімдеме, 124 іс.

9) ҚР ОММ 478 қор, 2 тізімдеме, 129 іс.

Серікбек Болатбекұлы

Abai.kz

0 пікір