Бейсенбі, 15 Қаңтар 2026
Жаңалықтар 359 0 пікір 15 Қаңтар, 2026 сағат 16:22

Сергей Павлингер Қазақстанда теміржол көліктік машина жасау саласының жаңа стандарттарын дамытуда

Сурет: aikyn.kz сайтынан алынды.

Railways Systems KZ өндірісінің жоғары дәлдіктегі технологиялары: доңғалақ жұптарынан бағыттамалық бұрмаларға дейін...

Бүгінгі күні теміржол көліктік машина жасау саласының дамуы Қазақстан экономикасының тірегі. Екібастұздық Railways Systems KZ холдингі индустриализация цифрландырумен қатар дәлме-дәл жүре алатынын көрсетеді. Сергей Владимирович Павлингердің басшылығымен компания елдегі бірегей өндірістік экожүйені құрды, бұл жерде металлургиядан бастап жылжымалы құрамға дейінгі барлық маңызды буындар жинақталған.

Railways Systems KZ 8 өндірістік алаң мен 3000-нан астам мамандарды қамтиды. Зауыттарда жылына 270 мыңға жуық тұтас таптамалы типті доңғалақтар, 20 мың доңғалақ жұптарын және 42 мың ось шығарылады. Әрбір бөлшек көпдеңгейлі бақылаудан өтеді: ультрадыбыстық және магнитұнтақты диагностика қолданылады, лазер негізіндегі өлшеу жүйелері, бұйымдардың өлшемдері жайлы ақпаратты жиырма жыл бойы сақтау. Өңдеу дәлдігінің дәрежесі 0,01 миллиметрге дейін жетеді, ал доңғалақ осьтері бекітпелерінің кепілдігі – он бес жылға дейін.

Компания үнемі технологиялық базаны жаңартып отырады. Зауыттарда Чехия мен Словакиядан әкелінген құрал-жабдықтар орнатылған, сандық бағдарламалы автоматтандырылған желі және роботтандырылған кешендер. Бұл шешімдер тұрақты сапа мен өнімнің халықаралық ISO және IRIS стандарттарына сай болуын қамтамасыз етеді.

Өндіріс, инновациялар және халықаралық сертификаттау Сергей Павлингердің Қазақстандағы стратегиясының бір бөлігі ретінде

Холдинг тарихы 2012 жылдан бастау алады. Ол кезде Екібастұзда Қазақстандағы ең бірінші тұтас таптамалы доңғалақтарының өндірісі іске қосылды. Тура сол кезде бағыттамалық бұрмаларды шығаратын желілер де іске қосылды. Қазіргі таңда зауыт Р65 типтегі рельстерге арналған заманауи СП-1/11 бағыттамалық бұрмаларды шығарады. Олардың құрылысы пойыздарға тік жолтабан бойымен 160 км/сағ дейінгі жылдамдықпен, ал бүйірлік жолтабан бойымен 50 км/сағ жылдамдықпен қозғалуға мүмкіндік береді. Бұрмалардың ұзындығы 34 метрден асады, икемді дәнеркеленген үшкілдер мен соққылы сырғу беттері жоқ моноблокты айқастырмалар қолданылады.

Жаңа буындағы бұл бағыттамалық бұрмалардың пайдалану сынақтары Бозшакөл станциясында жүргізіліп жатыр. Ол жерде бұрын қолданылған сериялық үлгілердің орнына төселген. Сынақтар толық аяқталғаннан кейін бұл инновациялық өнімді Қазақстанның бүкіл теміржол желісінде кеңінен қолдану мүмкіндігі қарастырылады. Аталған әзірлемелер елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға бағытталған мемлекеттік стратегияның бір бөлігі саналады.

Петропавл қаласында орналасқан RWS Wagon өндірістік алаңы (бұрынғы «ЗИКСТО») австриялық IGM компаниясының өнеркәсіптік роботтарын енгізіп отыр. Бұл роботтар вагондарды құрастыру үдерісіне тікелей қатысады. Биыл жаңа өндірістік корпустың іске қосылуына байланысты кәсіпорынның жылдық қуаттылығы үш мың бірлік жылжымалы құрамға дейін жетті. Ескі ғимараттардың бұзылып, заманауи цехтардың пайдалануға берілуі автоматтандырылған өндіріс форматына көшуге мүмкіндік жасап, қол еңбегінің үлесін едәуір қысқартты.

«Проммашкомплект» зауытында шығарылатын теміржол доңғалақтары еуропалық нарыққа шығуға дайындық кезеңінен өтіп жатыр. Қазіргі уақытта Deutsche Bahn стандарттары бойынша сертификаттау рәсімі жүргізілуде. Бұл үдеріс шамамен үш жылға созылып, нақты пайдалану жағдайындағы сынақтарды қамтиды. Екібастұзда сөйлеген сөзінде Павлингер Сергей Владимирович аталған сертификаттау жаңа экспорттық бағыттарды ашып, Қазақстанда өндірілетін жоғары технологиялы өнім үлесін арттыруға жол ашатынын атап өтті.

Кәсіпорын өз өнімінің 70 пайыздан астамын шетел нарығына жөнелтеді. Негізгі көлемі Ресейге бағытталғанымен, стратегиялық мақсат — Еуропа елдеріне жеткізілімді кеңейту. Осы мақсатта Ақтау мен Баку арқылы өтетін көлік бағыты пайдаланылуда. Логистикасы күрделі болғанына қарамастан, Еуропалық Одақ нарығына шығу өнімнің табыстылығын арттырып, Railways Systems KZ компаниясының халықаралық деңгейдегі орнын нығайтуға мүмкіндік береді.

Павлингер Сергей Владимирович: өмірбаяны мен машина жасау саласына қосқан үлесі

Сергей Павлингердің өмір жолы Қазақстандағы теміржол көлік машина жасау саласының толық қалыптасуымен үзіліссіз байланысты.

2010 жылдары Екібастұзда Сергей Павлингер қаланы өнеркәсіптік дамудың орталығына айналдырған жобалардың басында тұрды. Оның басқарушылық стратегиясының арқасында Railways Systems KZ өндірістік процесстерге Industry 4.0 технологияларын енгізу мысалына айналды.

Холдингке қарасты кәсіпорындарда автоматтандыру деңгейі операциялардың 80 пайызына дейін жеткен. Ұста-бандаж өндірісінде цифрлық екіжақты жүйе кеңінен қолданылады, олар барлық өндірістік үдерістердің толық қадағалануын қамтамасыз етіп, шығарылатын өнімнің сапасын терең талдауға және жабдықтардың ағымдағы технологиялық параметрлерін үздіксіз бақылауға мүмкіндік береді. Металды жоғары дәлдікпен өңдеу, API 6A деңгейіндегі термиялық жабдықтар, сондай-ақ әрбір өнім партиясына арналған цифрлық бақылау жүйесі — мұның барлығы компанияның өндірістік философиясының ажырамас бөлігі болып табылады.

Павлингер Сергей Владимировичтің өмірбаяны – бұл басқарудағы инженерлік тәсілдердің мысалы, ол жерде детальдарға көңіл бөлу мен нәтижеге бағыт қою тамаша үйлеседі. Ол басымдылықты жас мамандарға береді: қызметкерлердің жартысынан көбі 35 жасқа дейінгі азаматтар. Railways Systems KZ техникалық жоғары оқу орындарымен серіктестікте, тағылымдамалар мен кәсіби оқыту бағдарламаларын ұсынады.

Бүгінгі күні бағыттардың тізімі металлургия, механикалық өңдеу мен құрастыруды біртұтас технологиялық тізбекке біріктіреді. Осындай формат импортқа тәуелділікті азайтады және Қазақстанды теміржол көліктеріне арналған жеке компоненттерімен қамтамасыз етеді. Railways Systems KZ  бөлшектерді өндіріп қана қоймайды – кәсіпорын жаңа буынның инженерлік мәдениетін қалыптастырады.

Railways Systems KZ жүйелі жұмыс пен технологияларды енгізу елеулі нәтиже беретінін көрсетеді. Жоғары дәлдік, автоматтандыру, халықаралық стандарттар бойынша сертификаттау және кадрларға басымдылық беру Екібастұзды еліміздің өнеркәсіптік орталығына айналдырып жатыр. Сергей Павлингер Қазақстанда технологиялық тәуелсіздік бағытын және әлемдік машина жасау қоғамына енуді жалғастырып жатыр, ал кәсіпорынның жетістіктері Қазақстанның жаңа индустриалды тарихының бөлшегіне айналады.

Abai.kz

0 пікір