Жұма, 16 Қаңтар 2026
Жаңалықтар 133 0 пікір 16 Қаңтар, 2026 сағат 14:42

62,8 мың жұмыскердің құқығы қорғалған

Сурет: GOV.KZ сайтынан алынды.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минситрлігі мәлім етті.

2025 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 629 кәсіпорнында 11,9 мыңнан астам жұмыскерге жалақы бойынша 3,1 млрд теңгеден астам сомаға берешек барын анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 8,7 мыңнан астам фактісі анықталған.

Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 4 245 ұйғарым берілді және 524,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

"Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 11,8 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,85 млрд теңге төленді", – делінген хабарламада.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2025 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 6 599 тексеру жүргізді, оның барысында 8 720 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 7 089; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 585; халықты жұмыспен қамту бойынша – 46.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 51 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Abai.kz

0 пікір