Бейсенбі, 12 Ақпан 2026
Жаңалықтар 98 0 пікір 12 Ақпан, 2026 сағат 14:47

Қазақстандық арнайы жасақ БАӘ-де жеңімпаз атанды

Сурет: dubaieye1038.com сайт ынан алынды.

Қазақстандық арнайы күштер БАӘ-де «SWAT Challenge» жарысында алтын және күміс жеңіп алды.

Қазақстандық арнайы жасақ Дубайда өткен «UAE SWAT Challenge» 2026 халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Бұл жарыстарда елімізді бес ұлттық құрама қорғады. Олар Қазақстанның осы турнирге қатысу тарихындағы ең жақсы нәтижелердің біріне қол жеткізді.

Жалпы командалық есепте «Kaz SWAT C» командасы бірінші, «Kaz SWAT A» командасы екінші орынға ие болды. Үшінші орын Қытай командасына бұйырды.

Сонымен қатар, «Kaz SWAT B» командасы сегізінші, «Kaz SWAT Team Томирис» он сегізінші және «Kaz SWAT D» командасы жиырмасыншы орынға ие болды.

Айта кетейік, «Томирис» командасы әйелдер командалары арасында тіпті басқа елдердің кейбір ерлер командаларын да артқа тастап, көшбасшы болып шықты.

Abai.kz

0 пікір