Сейсенбі, 17 Ақпан 2026
46 - сөз 165 0 пікір 17 Ақпан, 2026 сағат 13:48

Қателік

Сурет: bbc.com сайтынан алынды.

Зеленский: Мен өзімнің алдымдағылардың немесе басқалардың қателіктерін қайталайтын президент болғым келмейді!

Женева келіссөздері қарсаңында Украина президенті: «Агрессорға қалаған дүниесін алуға рұқсат беру - үлкен қателік», - деп мәлімдеді.

«Бұл басынан бастап қателік болды. 2014 жылы үлкен қателікке жол берілді. Тіпті одан да бұрын! Грузияның бір бөлігіне шабуыл жасап, басып алу кезінде қателікке жол берілді. Керек десеңіз, одан да бұрын, Шешенстанды басып алу кезінде, бәрі қирап, миллиондаған құрбандар, қаза тапқандар мен жараланғандар болған кезде қателікке жол берілді. Содан бері көп қателік жасадық. Сондықтан қазір мен өзімнің алдымдағылардың немесе басқалардың қателіктерін қайталайтын президент болғым келмейді», - деді Зеленский.

Зеленский бұл сөздер Украинаға ғана емес, сондай-ақ Ресейдің импершіл билігіне өз аумағына басып кіруге жол берген елдердің барлығына қатысты екенін нақтылап айтты.

«Путинді гүл шоқтарымен тоқтату мүмкін емес. Мен мұны ешқашан істеген емеспін, сондықтан бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Барлығына кеңесім: Путинге олай істемеңдер! Әйтпесе, бұл қателіктің бірінші қадамы болады, содан кейін бес жылдан кейін ол өз армиясын қайта құрып, санын көбейтеді және оның армиясы жақсы дайындалған болып шығады. Қазір ол көп сарбазын жоғалтты. Қазіргі уақытта ол айына 30 000-35 000 адамын құрбан етуде. Қазіргідей XXI ғасырда мұны елестете аласыз ба? Ол тіпті мұнша адам шығыны туралы білмеуі, хабарсыз болуы мүмкін», - деді Зеленский.

Abai.kz

0 пікір